13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГАЗ ДАТЧИГІ ОРНАТЫЛДЫ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГАЗ ДАТЧИГІ ОРНАТЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысының халқымен кездесуде қабылданып жатқан өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтты.

2022 жылдың 1 қазанынан бастап жылыту кезеңі басталды. Жылыту маусымында азаматтардың қаза болу қаупін азайту үшін министрлік бірқатар шара қабылдады. Бірінші кезекте, республика бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының санын есептеу аяқталды. Олар көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер. Оларға кейін атаулы көмек көрсетіледі. Өңірде олардың саны 25 мыңнан асады.

Екіншісі-жылыту маусымы бойы жүргізілетін тұрғын үй секторындағы профилактика. Мұнда азаматтарға пештерді, электр жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ газ жабдықтары мен баллондарды дұрыс пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі. Министр бұл ретте министрліктің әдістемелік көмек көрсететіне баса назар аударды.

Бүгінгі таңда қызметкерлер облыс бойынша 70 мыңға жуық үйді аралады. 68 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі бұзушылығы анықталды, 23 мыңнан астам оқиға орнында жойылды, қалғандары бойынша ұсыныстар берілді.

«Облыс бойынша әкімдікпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қосымша 35 мыңға жуық датчик орнатылды. Олар қауіп туралы алдын ала хабардар етеді және азаматтардың қаза болуына жол бермейді. Жыл соңына дейін бір жарым мың датчик орнату жоспарлануда», деді ТЖ министрі Юрий Ильин.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін тұрғындардың есіне салды.
«7 қарашадағы жағдай бойынша ел бойынша алты жүз мыңнан астам рейд жүргізілді. Өрт қауіпсіздігінің жүз мыңнан астам бұзушылықтары анықталды. Жанғыш материалдарды жылыту құрылғыларының жанында сақтау, заттарды пештің үстінде кептіру және басқалары сияқты бұзушылықтардың негізгі бөлігі сол кезде жойылады, қалғандары бойынша ұсыныстар беріледі.

Осыған байланысты, ТЖМ азаматтарымызға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға кеңес береді. Яғни, газ баллондарын жылыту құрылғыларының жанында сақтамаңыз, кірді және басқа заттарды пештің үстінде кептірмеңіз, мүмкін болса, мұржаларды тазалаңыз», — деді вице-министр.
Бұған дейін министрлік министрдің орынбасары елімізде 106 мыңнан астам отбасы өрт қауіпсіздігі бойынша есепке алынғанын айтқан еді.

Previous Post

КЕНТАУДЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

Next Post

Білімге салынған инвестиция көрсеткіші бойынша Түркістан облысы үздік үштік қатарында

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі