13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ НӘТИЖЕЛІ ТҮРДЕ ІСКЕ АСЫП КЕЛЕДІ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ НӘТИЖЕЛІ ТҮРДЕ ІСКЕ АСЫП КЕЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Ауыл ел бесігі» жобасы нәтижелі түрде іске асуда. Жобаларды жүзеге асыруға Ұлттық экономика министрлігінен 11,7 млрд теңге қаржы да қаралған. Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылға 320 жобаны іске асыруға қажетті қаржы 18 млрд. теңгені құрады. Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс енгізіліп, 11,7 млрд. теңгеге 223 жоба қолдау тапқан.

Есте болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде халықтың табысын арттыру, жанар жағармайдың бағасын тұрақтандыру, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы және бизнестің «Бизнестік жол картасы» бағдарламалары шеңберінде Оңтүстік өңірлер үшін жекелеген бағыттар әзірлеу жүктелді. Сондықтан бұл бағдарламаларға баса назар аударылады,- дейді сала жауаптылары. Бюджетаралық қатынастарды реформалау, аграрлық кешенді субсидиялауды жетілдіру, мал азығымен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру, жастарды жұмыспен қамту, білікті педагогтарды тарту, дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты бойынша жоспарланған шаралар мен міндеттерді айқындау керектігін де Мемлекет басшысы айтты. Облыста осы бағыттарда жұмыс күшейтіліп жатыр.

Бұдан өзге өңірде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының 109 жобасын жүзеге асыруға қосымша 7,8 млрд. теңге қажет. Осыған байланысты республикалық бюджетті нақтылауға тиісті өтінімдер енгізу бойынша жұмыстар да іске асып жатыр. алпы жоба аясында 5 жылда 614 елді мекенге жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Салалық басқармалар, аудан және қала әкімдіктерімен іске асырылатын жобалардың тізбесі қалыптастырылады.

Облыста мектептерді білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету – өзекті мәселенің бірі. Қазіргі таңда білім беру саласы мамандарына «Дипломмен –ауылға» жобасы аясында 100 АЕК мөлшерінде (306,3 мың теңге) біржолғы жәрдемақы және тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін жеңілдетілген кредит түрінде әлеуметтік қолдау қарастырылған. «Дипломмен – ауылға» жобасы іске асырылғаннан бері жалпы 11595 маманға 2,1 млрд. теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылған. Оның 7911-сі – мұғалімдер. Сондай-ақ 11,6 млрд. теңге көлемінде бюджеттік кредит ұсынылып, нәтижесінде 3573 маман баспаналы болды, оның ішінде 2 265 білім саласының өкіліне қолдау көрсетілген. Алдағы уақытта өңірімізге қажетті мұғалімдер санын анықтап, «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында ұсынылатын қолдау шаралары мөлшерін ұлғайту бойынша ұсыныс енгізілмек.

Түркістан облысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары жіті назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл елдің әлеуетін көтеруде маңызға ие. Сондықтан да осы бағыттағы шаралар тоқтатылмайды.

Previous Post

МАҚТААРАЛДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БАҒЫТЫНДА ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН КӘСІП БАСТАҒАНДАР КӨП

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі