13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына көңіл бөлінген. Табиғаты ғажайып, ауасы шипалы өңірдің әлеуеті өте жоғары. Әсіресе туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жұмыс сапарында халықпен тығыз жұмыс істеуді күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл ретте әрбір азамат өз саласы бойынша еңбек етуі тиіс. Жаңа бастамалар Түлкібас ауданының экономикалық дамуына тың серпін береді. Ауыл шаруашылығы, туризм және өнеркәсіп саласының даму қарқыны оданда артады.

Бүгінде ауданның инфрақұрылымын арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл Еңбекші және Майлыкент ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға беріледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 11 елді мекенде 32 жоба іске асырылуда. Амангелді, Абайыл және Таусағыз елді мекендерінде 3 мектептің құрылысы жүруде. Ал Кершетас елді мекенінде мектепті күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, жаңа мәдениет үйінің құрылысына қажетті қаржы қарастырылды. Ақбиік, Келтемашат, Рысқұл, Шұқырбұлақ елді мекендерінде 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде.

Айта кетсек, Түлкібаста кәсіпорын саны да жыл сайын артып келеді. Солардың бірі – сусын шығаратын «BEIBARYS BOTTLERS» ЖШС. RC Сola атауымен сан алуан түрлі ауыз су және қош иісі бар сусындар шығаратын нысанның құрылыс жұмыстары биыл шілде айында бастау алды. Жобаның жалпы құны – 7 млрд. 600 млн. теңге. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілмек. Іске қосылған жағдайда 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал «Кен-Тау» ЖШС-нің алма сақтайтын заманауи қоймасы кәсіпкер жұмысының ілгерілеуіне сеп болмақ. Сонымен бірге мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсібін ашқан азаматтар саны да ауданда артып кледі. Түлкібас ауданында жыл басынан бері бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Енді ауданда тұрғындарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен берілетін мүмкіндіктерді түсіндіру жұмыстары да күшейтіле түседі.

Previous Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

КЕНТАУ: «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі