13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – тұрғындармен кездесіп заңдарды кеңінен түсіндіру, кері байланыс орната отырып олардың көкейінде жүрген сұрақтары мен өтініштеріне жауап беріп, құқықтық көмек көрсету, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.

Осы орайда облыс прокурорының орынбасары Саян Келдібеков бастаған арнайы топ ауданға іс-сапармен келіп, тұрғындармен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Ендібаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында азаматтар тарапынан айтылған мәселелер кеңінен талқыланып, тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар алдағы атқарар жұмыстар нақтыланды.

Айта кетсек, жуырда быс әкімі Төлеби ауданының тұрғындарымен кездескен еді. Өңірімізде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына жасаған сапарында осылай деген еді. Аймақ басшысы, аудандағы жаңа өндіріс орнының ашылу рәсіміне қатысты. Халықпен кездесу барысында алдағы уақытта бірнеше мектеп салынатынын атап өтті. Кездесуден соң өңір басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Сапар барысында өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады. Ауыл халқы көбіне жер, жол, ауыл шаруашылық тақырыптарын қозғады. Сондай ақ, инфрақұрылым жайы мен мектеп мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

Облыс әкімі жалпы кездесуден соң, тұрғындарды жеке қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Сапар барысында Дархан Сатыбалды аудан кәсіпкерлері өндірген тауар көрмесін тамашалады. Бүгінде мұнда 100-ге жуық тұрғын мемлекет қолдауымен өз бизнес идеяларын жүзеге асырған. Одан өзге, «Арадагерлер үйінің» тыныс-тіршілігімен танысты. Ардагерлермен жүздескен өңір басшысы олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берген еді.

Previous Post

МАҚТААРАЛ: АУДАН ӘКІМІ Ж.НҰРЛЫБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Next Post

Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі