13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 2022 жылғы 25 қазан Республика күніне орай колледж арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Студенттер өз арманындағы Қазақстан туралы, болашақты елестетіп, өз арман қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Байқау соңында үздік жұмыстар бағаланып алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Мақсаты: Жастарды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халқының тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстауға, нағыз ұлтжанды, рухы мықты азаматтық қасиеттерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Эссені үздік орындаған студенттер Абдиев Жандос (Арнаулы кәсіптік колледж) , Жетпісбай Арайлым (Кентау гуманитарлық-техникалық колледж), Асилбекова Қарлығаш (Кентау колледж) үздік алғыс хаттымен және эссе байқауына қатысқаны үшін қалған студенттерде алғыс хаттармен марапатталынды.

Еске салсақ, Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланған еді. Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған. Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатысты. Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберілді. Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға мүмкіндік болды. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.

Previous Post

Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Next Post

Түркістан облысы –балық шаруашылығын дамытудан көшбасшы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі