13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС «ADAL KOMEK» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС «ADAL KOMEK» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиынды комиссия төрағасы, Келес ауданының әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы жүргізіп отырды. Комиссия отырысында үш мәселе қаралып, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлнұр Кұралбаева және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Талгат Есенбеков баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша ІІІ тоқсан қорытындысымен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесінің бас маманы Ғалымжан Бижигитов баяндап, сұрақтарға жауап берді.

— «Adal komek» жобасы шеңберінде Келес ауданы әкімі аппаратымен халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру үшін түсіндіру шараларын өткізу кестесі бекітіліп, аталған іс-шара шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті мекемелердің қатысуымен тұрғындарға жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үй алуға кезекке тұру, ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында субсидия және несие алу, халықты жұмыспен қамту секілді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 2022 жылғы 16 қыркүйекте Келес ауданында тұрғындардың маңызды мәселелерін шешуде құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында аталған науқанды көрсетілген мерзімде «Ашық әкімдік» алаңында адвокат, нотариус және дербес бөлімдердің қатысуымен тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша науқан аясында тегін ақпараттық түсіндірмелік көмек көрсетілді, — дейді комиссия хатшысы Ғ.Бижигитов.

Келес ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазандағы №29 «Келес ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» қаулысымен аудандық комиссия (бұдан әрі — Комиссия) құрылып, бүгінгі таңда аталған комиссияның жалпы 10 отырысы өткізілген.

Previous Post

КЕНТАУДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

Шымкентте мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі