Шымкент қаласы бойынша 2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 14 000 баланы немесе 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын. Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 140 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 103 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, оң шешімін алған.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жалпы саны 16468 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды.
Осы жоба аясында 338 жаттықтырушы және 200 жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы саны 538 адам.
Шымкент қаласында 2022 жылдың 10 айында әр түрлі жас ерекшеліктері арасында спорт түрлері бойынша 29 қала чемпионаттары өткізілді. Өткізілген чемпионаттарға барлығы 4350 спортшы қатысты. Олардың арасында спортты жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында жұмыс жасайтын үйірмелердің шәкіттері де бар.
Басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері Шымкент қаласында спорт түрлерінен 36 Қазақстан Республикасының чемпионаттары, 6 Қазақстан Республикасының кубогы және 14 республикалық жарыстар өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 000 жуық спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.
2022 жылғы 10 айда жалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 пайызын құрады.
Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті.
Ағымдағы жылы бюджет есебінен қала аумағындағы 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.