13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы әкімдігінде қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен мекемеаралық жиналыс өткізілді. Мәжіліске қала әкімдігі мен құрылымдық бөлімдері, жергілікті мәслихат, ҰҚК, құқық қорғау және қоғамдық келісім филлиалының басшылары мен коммуналдық кәсіпорын өкілдері қатысты.

Өткізілген жиынның күн тәртібінде: «қала аумағындағы қылмыстардың өсуі, оның ішінде алаяқтық және кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, құқықбұзушылық профилактикасы мен этносаралық қақтығыстардың алдын алу мәселелері қаралды. Ағымдағы жылдың 20-шы қараша күні ҚР Президенті сайлауының өткізілуіне орай аумақтағы қоғамдық-саяси ахуал мен өзекті мәселелерді шешуге бағытталған мәселелер талқыланды.

Жиын соңында аумақтағы күн тәртібінде қаралған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған іс-шара жоспары құзырлы органдарға жолданып, оның орындалуы қала прокуратурасының бақылауына алынды.
Айта кетсек, Кентау қоғамдық кеңес, Кентау қалалық мәслихатының, Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жоспарына сәйкес Кентау қалалық мәслихатының депутаты, С.Қожанов атындағы № 9 жалпы орта мектептің директоры Ұлбала Мұсаханова, Кентау полиция бөлімінің инспекторы Алмас Бектибаев жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Ы.Алтынсарин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізен еді.

Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады.

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.

Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.

Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады..

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар еліміздің болашағы. Жастар қоғамымыздың жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КӘСІПКЕРЛЕР ОТАНДЫҚ ӨНІМ КӨРМЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Next Post

КЕЛЕС «ADAL KOMEK» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі