13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КӘСІПКЕРЛЕР ОТАНДЫҚ ӨНІМ КӨРМЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КӘСІПКЕРЛЕР ОТАНДЫҚ ӨНІМ КӨРМЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданында жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі мемлекет қолдауымен жеңілдіктер арқылы өз кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлердің тауар көрмесінде болды. Жаңа бизнестің көзін тапқан азаматтармен тілдесті. Облыс басшысы кәсіпкерлерге қолдау көрсету жолдарын қарастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданында жұмыс сапарымен барды. Алдымен мемлекет қолдауы арқылы және жеке бастамалары арқылы өз кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлердің тауар көрмесін тамашалады. Кәсіпкерлердің ұсыныстарына құлақ асып, қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Облыс басшысы «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бұл зауыттың алық өнімдерінің 90 пайызы шетелге экспортталып жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер алған. 250 адам жұмыспен қамтылған. Балық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселесіне тоқталған облыс әкімі осы саланы дамыту маңызды екенін айтты.

Сондай — ақ ауданға жұмыс сапарында өңір басшысы Шардара қаласындағы жедел жәрдем станциясы бар 150 орынға арналған аудандық емханаға барып, құрылыс барысымен танысты. Нысан биыл ел игілігіне беріледі.

Қосымша ақпар. Өткен жылдың наурыз айынан жұмысын бастаған «Атамекен-Түркістан» микоқаржы ұйымы арқылы өңірдің 83 тұрғыны өз ісін дамытуға капитал алды. Олар жалпы сомасы 700 млн теңгеге жылдық 6% — бен жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. 1,1 млрд теңгеге 144 өтінім қаралуда. Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі айналым қаражатын толықтыру (саудаға), техника мен жабдықтар сатып алу, сонымен қатар мал шаруашылығы саласында. Аймақтардан Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Ордабасы аудандарының тұрғындары белсенді.

Еске салайық, несиені кез келген салада бизнесті дамыту үшін алуға болады. Тек микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді. Несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қаражат «Бастау Бизнес», «Бизнес мектеп» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында соңғы 3 жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыған сертификаттары бар азаматтарға беріледі. Ауылдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына арқылы өтінім бере алады. Түркістан облысындағы «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы Түркістан қаласы Қожанов көшесі, 42 «Атамекен» ғимаратының 2 қабатында орналасқан.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА ӘР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Next Post

КЕНТАУДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі