13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА ӘР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

22 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА ӘР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында орналасқан «Эко базар» аумағында әр аптаның жұма-сенбі күндері Түркістан облысының ауыл шарушылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Бүгін, 11-қараша күні «Эко базары» аумағына 68 тонна көлемінде облыстағы 4 ауданнан (Созақ, Кентау, Қазығұрт, Сауран аудандарынан) ауыл шаруашылық өнімдері әкелініп, базардағы бағадан 10-15% төмен бағада саудалануда. Сонымен қатар жәрмеңкеде Түркістан облыстық тұрақтандыру қоры тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан 10 тонна көлемінде күнбағыс майы, сәбіз, құмшекер, тұз, макарон өнімдері тұрғындарға төмендетілген бағамен ұсынылып жатыр.

Ала жаздай кетпенін күнге сүйдіріп, бел жазбай еңбек еткен шаруалар еңбектің нәтижесін көріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін төкпей, шашпай жинап алды. Биылғы өнім де молынан салды. Көктемде алма біткенді үсік ұрып кетпей аман қалды. Соның арқасына алма биыл мол салды. Қазығұрт, Кентау диқандары алма, алмұрт, асқабақ, картоп өнімдерін Түркістан жұртына молынан алып келді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жалғасын табатын болады.

Бұдан өзге өңір шаруалары өз өнімін республиканың өзге аймағына апарып, жәрмеңке өткізуді қолға алған. Мәселен, жуырда елордада Түркістан облысының 70-тен астам ауыл шаруашылығы өндірушілері 535 тонна өз өнімдерін ұсынды, оның ішінде ет және ет өнімдері, көкөністер, картоп, сүт, нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен бақша өнімдері, бал, жеміс шырындары, консервіленген өнімдер, жұмыртқа бар. Мұның бәрін тұрғындар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатып алды.
Айта кетейік, биыл тұрғындардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу орны «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңнан «Барыс Арена» мұз сарайына қарама-қарсы аумаққа ауысты.
Мұндай жәрмеңкелер бірнеше өзекті мәселелерді шешеді, атап айтқанда:- өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы делдалдарды алып тастаңыз;
— тауар өндірушілердің өнімін өткізудің қосымша нарығымен қамтамасыз етеді;
— делдалдарды алып тастау есебінен өнімнің бағасы төмендейді және халық үшін сапалы азық-түліктің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: АУДАНДЫҚ «АҚБОТА - 2022» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КӘСІПКЕРЛЕР ОТАНДЫҚ ӨНІМ КӨРМЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі