Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бір Түлкібас ауданының өзінде үш шаруа қожалық балық шаруашылығы кәсібін қолға алып, жасанды тоғандарға алғашқы шабақтарын жібере бастады.Түркістан облысы, Жетісай ауданында да балық шаруашылығы дамуда. Бүгінде Жетісайдың балығы Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстан елдеріне экспортталып, кәсіпкерлер табыстарын арттырып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына аранаған Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін тілге тиек етіп, «Балық шаруашылығын да арттырудың маңыздылығы зор. Ал жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру қажет», – деген еді. Содан бері Қазақстанда балық шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетілуде. Мәселен, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.
Мақталы ауылдық округіне қарасты Шолпанқұдық деп аталатын шағын ғана ауылда орналасқан «Сүндет» шаруа қожалығы дөңмаңдай (толстолоб), амур, сазан сынды 1 млн 300 дана балық шабақтарын өндіріп, өсіруде.Шабақтарға қажетті жемді Польша елінен алдырады.
Шекара асып келетін жемнің құрамында балықты түрлі ауру-сырқаудан сақтайтын және өсіп-жетілуіне қажетті барлық минералдар бар дейді мамандар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30%-ын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізіп келеді. Айта кетейік, мемлекеттік қолдаудан қалыс қалмаған өңірдің балық тауарын өндірушілері өнімдерін Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстан елдеріне экспорттап, табыстарын арттырып келеді.
Бүгінде жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұрған Түркістан облысында тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл бар. Оның ішінде 88-і жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген.