Облыстық балалар ауруханасында клиникалық және функционалдық медицина академиясының академигі Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлының 60 жасқа толу күніне арналған Халықаралық мультидисциплинарлық мастер-класс болып өтті. Облыстық балалар ауруханасында А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО кеуде және балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Б.К.Ширтаев мастер — класс шеберлігінде МӘМС негізінде кеуде және іш қуысында патологиясы бар науқас балаларға ота жасады.
Одан бөлек, жаңа туған нәрестелердің ауыр жағдайларында жүргізу ерекшеліктері бойынша Астана медицина университетінің неонатология кафедрасының доценті Б.Т.Карин нәрестелер жансақтау бөліміндегі нәрестелердің күтімі,емдеу шараларын соңғы ашылымдар бойынша мастер — класс шеберлігінде кеңес берді.
Сонымен қатар, Сайрам аудандық орталық ауруханасында Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен клиникалық және функционалдық медицина академиясының академигі Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлының еске алу күніне арналған Халықаралық мультидисциплинарлық мастер-класс болып өтті. Ол «Бариатриялық хирургия» саласы бойынша өткізілді.
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер қатарына жататын «Лапароскопиялық моноанастомозды гастрошунттау» Сайрам аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде 6 науқасқа жоспарланған оталарды жасауға келесі білікті мамандар Астана МУ бариатриялық хирургия кафедрасының профессоры О.Оспанов, Түркия Стамбул университетінің медицина факультетінің хирургия кафедрасының доценті, профессор Эрен Тоскын, м.ғ.д., Ташкент медицина академиясының хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор О.Тешаев, Өзбекстан бариатриялық және метаболикалық хирургтар қауымдастығының президенті, м.ғ.д (PhD) , Ташкент медицина академиясының хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті, Өзбекстан бариатриялық және метаболикалық хирургтар қауымдастығының хатшысы У. Рузиев өткізді.
Айта кетейік, бариатрия – әртүрлі этиологиялы сырқаттанған семіздікпен ауыратын науқастарды емдеуге маманданған хирургияның бір саласы, семіздікті емдеудің тиімді әдісі, ол пациенттердің өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады және тұрақты салмақ жоғалтуға қол жеткізе алады.