13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданы: Дулат Исабековке құрмет көрсетілді

20 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ордабасы ауданы: Дулат Исабековке құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы, драматург Дулат Исабековтің 80 жасқа толуына орай Ордабасы ауданында аудан зиялылары, жастар қатысқан шығармашылық кездесу өтті.
Классик жазушының құрметіне ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Нұрбек Бадырақов құттықтау сөз сөйледі:

— Құрметті Дулат аға! Сізді Республика күніне орай «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен және «Отан» Ордені иегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге еліміздің әлеуетін дамыту мен шығармашылық жолында Қазақ әдебиетін әлемге танытуға қосқан зор үлесіңіз бен Отанымыздың өркендеу жолындағы табанды еңбегіңіз, өз ісіңізге адалдығыңыз, Отанға деген сүйіспеншілігіңіз үшін аудан халқының атынан алғыс білдіремін! Сізді, отандастарыңыз ұлттық әдебиетке зор үлес қосқан қаламы қарымды қаламгер және қоғам қайраткері ретінде танып, құрметтейді, мақтан етеді. Қадірлі аға! Ел әдебиетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып, тағылымы мол құнды дүниелеріңізді асыға күтетін ойлы оқырмандарыңызды жаңа туындыларыңызбен қуанта беріңіз. Өзіңізге зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасыңызға бақ-береке тілеймін, — деді аудан басшысы.

Сондай-ақ кездесуде аудан әкімі мерейтой иесінің иығына шапан жауып құрмет көрсетті.

Жазушы, драматург Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысы Сайрам ауданында туған. Дулат Исабеков 1966 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.1967-1968 жылдары Қазақстан телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор болды. «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Жалын»баспасында редакция меңгерушісі болды. Кейінгі жылдары «Жазушы»баспасының директоры болған. Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты жинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» , «Ащы бал» , «Мазасыз күндер», «Қара шаңырақ» , «Тіршілік» повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» деген атпен жарық көрді.

Бірқатар шығармалары орыс тілінде аударылып, «Полынь», «Отчий дом», «Смятение» , «Новоселье в старом доме» деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. «Ректордың қабылдау күндері» , «Әпке», «Ертеңді күту», «Мұрагерлер» , «Алыстан келген ананас», «Кішкентай ауыл», «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «Мұңлық-Зарлық», «Амал мен айла» секілді пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды.

2021 жылдан бастап Түркістанда ашылған драма театрда драматургтің қаламынан туған «Бөрте» қойылымы сахналанып келеді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһартас» , «Дермене»,«Тауқымет» көркем фильмдері түсірілді.

Дулат Исабеков «Мұрагерлер» пьесасы үшін 1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығын алды, 1992 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Одан бөлек қаламгерге марапатты халық беріп келеді. Оның шығармалары жастардың қолынан түспейді, ал пьесалары тек Қазақстанда ғана емес, әлем театрлары сахналарында қойылған.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Next Post

Түркістан: Жетісайдың балығы шетелге экспортталып, шаруашылық дамып келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі