Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардың нәтижесінде Жетісай ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендеп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны артып келеді.
Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы 587 азаматқа жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар берілген. Қайтарымсыз қаржы алғандардың 24-і кәсібін кеңейтуге қажетті құрал-жабдықтар, 61 азамат техникалық құралдар алған. 502 тұлға мал және құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Нәтижесінде 602 жаңа жұмыс орны ашылған.
Ал, биылғы жылы 214 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант берілуі жоспарланғанымен, нақты бизнес-жобасы мақұлданып, қаржы алғандар саны 19 болып отыр. Грант алғандар есебінен 17 жаңа жұмыс орны ашылған.
Аудан аумағынан ивестициялық жобаларды іске асыру мақсатында Асықата кентінен 50 га жер учаскесі резервке алынып, сәулеттік жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, бас жоспарға өзгерістер енгізілуде.
2022-2023 жылдары жалпы инвестиция көлемі 50,8 млрд теңгені құрайтын 7 жобаның іске асырылуы күтілуде. Аталған кәсіпорындарда 3247 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылуы жоспарлануда. «Национальная логистическая система» ЖШС бастамасымен Асықата кентінің аумағынан «Көтерме тарату орталығы», «CITY DEVELOPMENT CO» ЖШС бастамасымен Жетісай қаласында «Жетісай плаза» сауда ойын-сауық орталығы, бір мезетте 600 адамға қызмет көрсетуге арналған аква парк, «Тұран Мақта» ЖШС «Қуаттылығы 10 мың тонна мақта шикізатын өңдеу зауыты», «Adal Agro Group» ЖШС «Сиыр етін өңдеу цехы», «Жүгеріні крахмал-сірне өніміне және лимон қышқылына өңдеу өндірісі», Қазақстан-Өзбекістан бірлескен кәсіпорын AGRO TEKS ALLIANCE «Тоқыма-текстиль фабрикасының құрылысы» инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.
Индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдерін, синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1 млрд 306 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, жаңадан 400 жұмыс орны ашылған.Индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдерін, синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1 млрд 306 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, жаңадан 400 жұмыс орны ашылған.Ал, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 14818 бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің 97% құрап отыр.