13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыда минералды су өндіретін кәсіпорын мен шипажай жұмысы қарқынды

20 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ордабасыда минералды су өндіретін кәсіпорын мен шипажай жұмысы қарқынды
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданы Бөген ауылында «Бөген» табиғи минералды емдік ас-су өндіріс орнының жұмысы қарқынды. Сондай-ақ, «Әзімбай қажы» термалды шипажайына да ем алуға келушілер артып келеді.
Ауданда жерасты термалды шипалы суларының қоры мол. Осы мүмкіндікті пайдаланып, еліміздегі медициналық туризмнің дамуына үлес қосып жатқан кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді. Бүгінгі таңда аталған емдеу-сауықтыру шипажайы бір мезгілде 30-ға тарта ем алушыны қабылдай алады. Аталған жоба аясында екі монша, емдік шипажай, минералды ауыз су зауыты жұмыс істеп тұр. Жоба авторлары алдағы уақытта ауыл іргесінен бірдей уақытта 180 емделушіні қабылдай алатын ірі шипажай құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым болатын жер бетіне таяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын тереңірек горизонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады. Минералды сулар кендерінің типтері құрылымдық, гидродинамикалық, гидрогеохимиялық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық әсері бар құраушылар (CO2, H2S, AsS, т.б.) мөлшеріне қарай анықталады,-дейді мамандар.

Шипажайдағы термалды судың құрамындағы магний элементі көптеген ауруларға ем. Әсіресе шипажай адам бойындағы улы заттарды шығаруға, қант диабетін емдеуге таптырмас мекен. Сондай-ақ орталықта бес түрлі медициналық көмек көрсетіледі. Соның ішінде тамақ ауруларын емдеуге жаңа заманауи аппараттар қолданылады. Қазіргі уақытта шипажайда онға тарта қызметкер, ал минералды су шығаратын зауытта 10 азамат жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның өндіріс көлемі артқан жағдайда ауыл тұрғындары тағы да тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Табиғи минералды емдік ас суы түрлі көлемдегі ыдыстармен шығарылады. Бөгеннің шипалы сулары еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, көршілес облыстарға саудаланып жатыр. Қазіргі таңда кәсіпорын дайын өнімді экспорттау бойынша көршілес Өзбекстанмен келіссөз жүруде.

Previous Post

КЕНТАУДЫҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ ЖЕҢІСПЕН ТОЛЫҚТЫ

Next Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі