Турция мемлекеті, Анталия қаласында 2022 жылдың қазан айының 17-23 күндері аралығында Унифайт жекпе — жек спорт түрінен Әлем кубогы болып өтті. 15 мемлекеттен 200 ге жуық спортшы қатысқан жарыста, Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған Кентау қаласының спортшылары төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді.
Нұрбаев Нұрбек — 65 кг салмақта күресіп жеңімпаз атанып еліміздің мәртебесін асқақтатты. Қазіргі таңда Нұрбек Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Дене шынықтыру және спорт фкултетінің ІІ- курсында оқиды, оқумен қатар Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәжірибелі бапкер Қанат Аргимбаевтың тобында самбо, дзюдо, қазақ күрестерін қатар меңгеріп бірнеше рет облыс жеңімпазы, Республикалық турнирлерде жеңімпаз жүлдегер атанған белді спортшы.
Тасболат Ерболат — 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Кентау қаласының мақтанышы және Кентау спорт клубының дзюдо күресінің жаттықтырушысы Әлем кубогінің күміс жүлдегері.
Иса Бағдат — 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Кентау қаласының мақтанышы және Бақ-Нұр спорт мектебінің дзюдо күресінің жаттықтырушысы Әлем кубогінің қола жүлдегері.
Кентау қаласында және қалаға қарасты ауылдарда 180 спорт ғимараты жұмыс істейді. Биыл Түркістан облысы, Кентау қаласында ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Кентау-Қарнақ» автожолы бойындағы 10 гектар аумақта жаңа атшабар іске қосылады. Аталған спорт орталығының құрылысы алдағы көктемде жүргізіледі. Бұл кешен қала аумағында ұлттық спорттың дамуына өз септігін тигізеді. Жалпы алдағы уақытта Кентауда спорт нысандары едуір көбеймек. Шаһардағы «Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан заманауи дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу жоспарланған. Қазір жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер тарапынан да ұсыныстар түсіп, кіші спорт нысандарын салу жоспарлануда.Бүгінде кентаулықтардың спортқа қызығушылықтары артып келеді. Кентау қаласында және қалаға қарасты ауылдарда 180 спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның ішінде: 1500 және одан жоғары орынға арналған трибунасы бар стадион – 1, спорт кешені – 3, оқ ату тирі – 3, спорт зал –38, спорт алаңдары – 128, теннис корттары – 2 және 5 жүзу бассейні бар.