Аудан әкімі Мұхит Баймұханбетұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің қабылдауына алдын ала жазылған тұрғындар ғимарат беру, көпірді жөндеу жұмыстары, дәрігерлік емхана салу, жол салу, қайтарымсыз грант, интернет желісінің дұрыс жасамауы, коммуналдық тұрғын үй, және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
— Біздің басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру. Сондықтан, тұрғындарды толғандырып отырған барлық мәселе бақылауымызда болады, — деді аудан басшысы.
Тұрғындардың мәселелерін жіті тыңдаған аудан басшысы өтініштерге заң аясында жауап беріп, тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың арыз-шағымдарына уақытылы заң шеңберінде шешуді тапсырды.
Айта кетсек, облысты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі апта сайын тұрақты түрде қаралып тұратын болады. Түйткілдер болса, бірлесіп шешу жолын табайық. Ауыз су мәселесін терең талдап, аудан, қала әкімдіктері, басқармалар немесе облыс әкімдігі деңгейінде шешілетіндерін нақтылап берген жөн. Арнайы жоспар құрып, жүйелі жұмыс істеуіміз керек» деген еді өңір басшысы Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысында 831 елді мекеннің 712-сі немесе 85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жоспарға сәйкес, облыстағы 119 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қажетті қаржы көлемі – 21,7 млрд теңге. Осы мақсатта биыл 21 нысанға 5,1 млрд теңге бөлінген. Он нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде 23 елді мекен ауыз сумен қамтылып, облыста ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 87%-ға жетеді. Жиында Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал сынды оңтүстік аудандарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі көтерілді. Оны шешу үшін «Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады мен су құбыры» жобасын инвестиция тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.
Кентауда жер асты суларын төмендету жүйесін салу жобасының бірінші кезеңі аяқталуға таяды. Бірегей жобаның барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Кенді шаһарда салынып жатқан жер асты суларын төмендету жүйесі толық жүзеге асқан соң Кентаудағы апаттың алдын алу мәселесі шешіліп, жиналған су тиімді пайдаланылмақ. Тартылған су «Қосқорған» су қоймасына құйылады. Түркістан өңіріне қосымша 70 млн м3 дейiнгi ағын су жеткізілетін болады. Жоба аясында бұрынғы шахтаға түсетін ғимараттың ішіне 60 м тереңдікте 11 сусорғыш орнатып, «Кеншілер» саябағында орналасқан бетонды арыққа құю арқылы қала ішімен алып өту қарастырылған. Нәтижесінде Кентауда жасанды көл пайда болады. Жоба бойынша 1,5 шақырым жол қазылып, 5,5 шақырымға құбыр жүргізілді.