13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық орталық мәдениет үйінде әжелер алқасы мен Адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Аттап басқан алтын босағам» атты келіндер байқауы болып өтті. Бұл сайыстың басты мақсаты – шаңырақтың шайқалмауын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу. Жарасымды отбасыны анықтап, өнегелі отбасын көпке үлгі ету.

– Жалпы «қазақ қызы», «қазақ келіні» деген атақтар халқымыз үшін өте киелі. Бүгінгі байқаудың шарты да көпшілікке соны түсіндіру, салт-дәстүрімізді жаңғырту десек артық айтқандық. Аталмыш байқау жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындықпен келген. Барлық үміткерлер де «Үздік келін» деген атауға расымен де ие, – дейді сайысты ұйымдастырушылар.

Келіндердің сөз саптауы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, ибасы мен инабаты, киген киімі бәрі де сынға түсті.
Екінші бөлім — «Жақсы әйел-үй дәулеті», бұл бөлімде қатысушыларымыздың қолөнері және ас мәзірі сынға түсті. Келіндердің ісмерлігі мен қолөнері, ас әзірлеу шеберлігі, тағам тарту, ұқсата білу ұқыптылығын көрсету басты мақсат болып табылады. Үйден дайындап алып келген тағамдары ұсынылады.

Үшінші бөлім — «Балалы үй — базар», бала тәрбиесі туралы: Үлкенге құрмет, кішіге ізет баланың бойына қайдан дариды? Ұлттық тәрбие, бесік жырын білетін келіндер бар ма? Болса олар қандай бесік жырын біледі? Бесік жырын айтып беру керек. Төртінші бөлім — «Әйел-үйдің қазығы», бұл сайыс сұрақ-жауап ретінде өтеді. Отбасылық құндылықтарға сай салт-дәстүр, келіннің өмірлік жарының туған туыстарын қалай атайды, ат қою рәсімі, басқа да тұрмыстық салты, жөн-жоралғыны қаншалықты білетіні, әдет-ғұрыпқа байланысты біліктіліктері, ата-енесін сыйлау, құрметтеуге қатысты инабаттылығы, «барған жерін бақытты ететін» келіннің түсінік-танымы сынға түсті. Бесінші бөлім — «Келін көркі-өнер» — бұл бөлімде байқауға қатысушылардың шығармашылық қабілеті, ән салып, би билеу, суырып салу тапқырлығы, көркемсөз оқу шеберлігі сынға түсті.

Отбасының беріктігін арттыруда, ұрпақ тәрбиесінде ата-әженің, сыйластықтың алатын орнының зор екенін көрсету де негізге алынды. Сайысқа қатысушы алты үміткер төрт кезең бойынша өз өнерлерін көрсетіп, қазақ келініне тән сыпайылықты бойға сіңірген әрі ақыл-парасатты екендерін аңғартты. Жеңімпаздарға арнайы сый-сияпаттар мен мақтау қағаздары табысталды. Іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН – РУХАНИ-МӘДЕНИ ДАМУ ЖОЛЫНДА БІРҚАТАР НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКЕН

Next Post

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі