13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАСТЫ НАЗАРДА

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАСТЫ НАЗАРДА
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өткен жылы 3000-ға жуық кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді. Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 18 мыңға жуық кеңес берілген. Бүгінгі таңда әрбір компанияның штатта білікті бухгалтерлерді, заңгерлерді, маркетологтарды және басқа мамандарды ұстауға мүмкіндіктері бола бермейді. Бірақ оларды кеңес алу немесе жеке бизнес-міндеттерді шешу үшін сырттан тартуға болады. Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдау аясында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлерге бұл қызметтерді тегін ұсынып келеді.

Палатаның менеджер-кеңесшілері бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, заң, маркетинг және мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметтерін көрсетуде.2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша палата кеңесшілері 2424 кәсіпкерлік субъектісіне 2522 қызмет көрсетті. 367 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық есеп тапсыруға қызмет көрсетіліп, маркетологтар 123 бизнес-жоспар әзірледі. Ал ақпараттық қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлерге 17 765 кеңес берілген.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Осындай орталықтар облыстың барлық аудан, қалаларында бар. Бизнесті сервистік қолдауға қатысты барлық сұрақтар бойынша Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының облыстық және аудандық филиалдарына жүгінуге болады. Айта кетсек, өңірде ұлттық жобалар шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн жұмыс орны құрылады.Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орны – 803,7 мың, уақытша жұмыс орны – 1 727,9 мың.Ал биыл, яғни 2022 жылы 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады.Оның ішінде 335 мың тұрақты жұмыс орындары, 660 мыңы уақытша болмақ.

Бұдан өзге өңірде «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетіледі.

Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.Ал зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады. Бұдан басқа, департамент директоры орынбасары «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны беріледі.

Previous Post

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Next Post

ТҮРКІСТАНДА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЕЛІМ ДЕГЕН ЕР АСАНБАЙ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі