13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Миллион теңгенің малдарын ысырап еткен бақташы ұсталды

8 июля, 2020
in Қоғам
0
Миллион теңгенің малдарын ысырап еткен бақташы ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Арызданушы бақташыға сеніп тапсырылған ағымдағы жылдың сәуір айында түгелдеп, санап тапсырған 1350 бас саулық қойларының ішінен 20 бас малының жоқ екендігін жеткізеді. Аталған арыз Ордабасы АПБ-не тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» енгізілді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, тексеруді бастап кетті.Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан жауаптар алынып, сонымен қатар мал базарлар мұқият тексерілді.

Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны яғни бақташының өзі екендігін анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, бақташы қойларды біртіндеп көрші ауылға сатып отырған. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Күдіктінің бас шарасы «міндеттеме». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малдарыңызды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ өзіңізге жақсы таныс емес азаматтарға малыңызды сеніп тапсырмағаныңыз абзал. Ал, бақташыға сеніп тапсырылған төрт түлігіңізді жиі тексеріп, қадағалап тұрғаныңыз жөн. Төрт түлігіңіз жоғалса немесе ұрланса, онда сіз уақыт жоғалтпай шұғыл түрде полицияның «102»

нөміріне хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде қылмыскерлердің ізін суытпай құрықтауға көмектеседі.

Полиция.кз

 

Previous Post

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды

Next Post

Өз-өзін тонаған азамат полициядан көмек сұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі