13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды

8 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгіннен бастап Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтінімдерді қабылдау басталды. Кандидаттыққа өңірде тіркелген кәсіпкерлер мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері сайланады. Бұл туралы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков мәлімдеді.
«Өңірлік кеңес — мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы диалог алаңы болып табылады. Тұрақты кеңес мүшелері бизнестің түйіткілді мәселелерін шешуге қатысып, өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына ықпал ете отырып нормативтік-құқықтық актілерді жасауға қатысады. Өңірлік кеңес мүшелігіне өте алатындар: ҚР азаматы, өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді араласушы, кәсіпкерлер арасында және қоғамда беделге ие болғандар, бизнесінің тарихының дұрыс болуы, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы керек», — деді палата директоры.
Мекеме басшысының айтуынша, 7-15 шілде аралығында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді. Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық, өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралатын болады.
Айта кетерлігі, кез-келген азаматтық ұстанымы бар кәсіпкер саланың дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен кедергілер туралы идеясы болса, өтінішін https://vote.atameken.kz немесе a.ibadullayev@atameken.kz пошталарына жіберуіне болады. Сондай-ақ, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының 8 777 918 89 51, 8 775 296 90 59 телефондарына хабарласуға болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілері анықталды

Next Post

Миллион теңгенің малдарын ысырап еткен бақташы ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі