13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өз-өзін тонаған азамат полициядан көмек сұрады

8 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
Өз-өзін тонаған азамат полициядан көмек сұрады
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының полиция бөліміне жанармай құю бекеттерінің бірінде тонау болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден Кентау ҚПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері жетті. Жанармай құю бекетінің қызметкерінің айтуынша, белгісіз ер адам оны ұрып-соғып, күш көрсетіп қорқытып, 170 мыңнан астам теңгесін тартып алған. Бұл жайт ҚР ҚК 191-бабы «Тонау» бойынша СДТТБТ-да тіркелді.

Тәртіп сақшылары тонау қылмысын ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Оның ішінде бейнебақылау камералары мен қылмыстың орнын мұқият тексеріп, куәгерлерден жауап алынды. Тергеу барысы және күдіктілерді іздестіру нәтижесінде жедел уәкілдер, бір тәулік ішінде тонаудың жалған болғанын анықтады.

Көп ұзамай полицейлер қылмыс туралы жалған ақпарат бергенін мойындаған жәбірленушіні ұстады. Белгілі болғандай, жас жігіт ақшаны өзі иемдену үшін тонау болды деп айтып, автокөлігінің жүксалғышына ақшаны жасырып қойған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Табылған ақша айғақты зат ретінде алынды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Полиция.кз

 

Previous Post

Миллион теңгенің малдарын ысырап еткен бақташы ұсталды

Next Post

Өмірзақ Шөкеев қатаң карантиндік шектеу шараларын сақтауды ескертті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі