13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРҒА АПАРАР ЖОЛДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРҒА АПАРАР ЖОЛДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарын негізгі 3 бағытта іске асыруда. Мәселен, Төлеби ауданындағы жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын туристік бағыттағы 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, облыстық маңызы бар КХ-31 «Қасқасу қысқы демалыс аймағы» автомобиль жолының 10,2 шқ және КХ-170 «Біркөлік санаториясына кірме жол» автомобиль жолының 6,2 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

Бекітілген сметалық кұжаттамаға сәйкес, ескірген асфальт жабыны толығымен жаңартылып, аяқ жолдар салынды. Сондай-ақ, таулы аймақтарда көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында темір дөңгелекқағарлар және елді мекендерге диодты жарықтандыру шамдары орнатылды.

Бұдан бөлек, жол таңбалары сызылып, тиісті жол белгілерімен қамтылды. Таулы аймақта жауын-шашын кезінде асфальт жабындысын су шаюдан сақтау мақсатында 14 жерде су өткізгіш құбырлар ауыстырылып, суағарлар орнатылды. Айта кетейік, бұған дейін облыстық маңызы бар КХ-93 «Кеңесарық-Қасқасу — Майбұлақ» (1,6 шқ) автомобиль жолы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын.

Еске салсақ, биыл Төлеби ауданы көлемінде жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен “Жарық-жол” КММ тарапынан жол белгілері, бағдаршам, түнгі жарық, жол кедергілері және бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылы төмендегі жұмыстар атқарылуда:
– 526 дана жол белгілері орнатылады
– Ленгір қаласындағы 5 көшеге 13,4 шқ құрайтын көктемгі жол сызығы сызылды күз мезгілінде бұл жұмыстар 2-ші рет жүргізілетін болады.
– 1140 м2 жаяу жүргіншілер өткелін (зебра) сызу жұмыстары жүргізіледі.
– Ленгер қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысы және Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Үшетай, Д.Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршамдар орнатылатын болады.
– Ленгер қаласы бойынша 5 көшеге және 13 елді мекенге жалпы 39,5шқ түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіледі.
– Ауданда – 67 мектептің алдына және аудандық полиция бөлімінің ұйғарымы негізінде 29 мекен-жайға жол кедергілері орнатылды, жыл соңына дейін бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
– Жалпы 23 мекен-жайға 46 бейнебақылау камерасы орнатылды. (Ленгер қаласында-33, Киелітас ауылдық округінде-9, Алатау ауылдық округінде-2, Бірінші Мамыр ауылдық округінде-2) Нысан 2021 жылы басталып, 2022 жылы 31-ші желтоқсанына дейін толығымен іске қосылатын болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ДӘРІГЕРЛЕРІ ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН РЕСЕЙ ПРОФЕССОРЛАРЫНАН ТӘЖІРИБЕ АЛДЫ

Next Post

КЕНТАУ: ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ МІНДЕТТІ ОРЫНДАУ ШАРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі