13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ДӘРІГЕРЛЕРІ ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН РЕСЕЙ ПРОФЕССОРЛАРЫНАН ТӘЖІРИБЕ АЛДЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ДӘРІГЕРЛЕРІ ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН РЕСЕЙ ПРОФЕССОРЛАРЫНАН ТӘЖІРИБЕ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында Ұлыбритания мен Ресейден белгілі ғалым-профессорлар Холден Генри, оның шәкірті Рауан Кайыржанов, нейрогенетик Сергей Курбатовтың қатысуымен мастер-класс өткізілді. Дәрігерлер диагнозы қиын науқастармен кездесіп, әр клиникалық жағдайды жеке қарастырды. Жалпы 50-ге жуық науқас қаралды. Пациенттер қозғалыс бұзылыстары, нейробұлшықет патологиясы диагноздарымен келді.

Айткүл Ахметова Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына шетелдік мамамандардың келетінін естіп, қабылдауға алғашқылардың бірі болып жазылған. Айтуынша, ауыр дертке шалдыққан немересін Ұлыбритания және Ресейден келген профессор мамандар тексеріп, арнайы талдаулар да жасаған. Енді бұл талдамалар Лондон қаласындағы зертханаға жолданады.Айткүл Ахметованың сөзінше осыған дейін олар Мәскеу, Алматы, Астана, Оңтүстік Кореядада тексеруден өтіп, дерттің нақты диагнозын анықтай алмаған. Тіпті ақ халаттылар осы күнге дейін бұл аурудың емделмейтінін де айтқан көрінеді.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына тәжірибе алмасу мақсатында келген шетелдік профессорлар алдын ала жазылған 50-ге жуық науқасты тексеруден өткізеді. Олардың барлығында жүйке бұлшықетінің потологиясы бар. Яғни неврологиялық дерттің ауыр түріне шалдыққандар арнайы диагностикадан өтеді. Алдағы уақытта жергілікті дәрігерлер шетелдік мамандармен байланысты үзбейді. Сөйтіп, науқасқа бірлесіп диагноз қойып, емдеудің заманауи әдістерін ұсынатын болады. Шара аясында шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сабақтар да ұйымдастырылмақшы. Бұл шара екі күнге созылады деп күтілуде.

Айта кетейік, 10-11 қарашада Шымкентте «Клиникалық неврология және психиатрияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Алдымен жақын және алыс шетелдерден келген спикерлердің қатысуымен конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары ұйымдастырылады Бағдарлама балалар мен ересектер неврологиясы мен жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалау, емдеу және оңалту мәселелерін қамтитын болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРҒА АПАРАР ЖОЛДАР ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі