13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді шешуге күш салынады. Тұрғындарды таза ауыз су, жарық, газбен қамту, жол мәселелері – басты назарда. Осы мақсатта бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларымен кездесті.
Басқосуда ауыз сумен қамтамасыз ету үшін салынып не қайта құрылып жатқан нысандар бойынша кемшіліктер ортаға салынды. Құрылысы бітпеген не созылған жобалар талқыланды. Облыс басшысы бұл саладағы проблемаларды түбегейлі шешу бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
– Тұрғындарды ауыз сумен, газбен, инфрақұрылыммен қамту – басты міндет. Облысты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі апта сайын тұрақты түрде қаралып тұратын болады. Түйткілдер болса, бірлесіп шешу жолын табайық. Ауыз су мәселесін терең талдап, аудан, қала әкімдіктері, басқармалар немесе облыс әкімдігі деңгейінде шешілетіндерін нақтылап берген жөн. Арнайы жоспар құрып, жүйелі жұмыс істеуіміз керек, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысында 831 елді мекеннің 712-сі (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) немесе 85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жоспарға сәйкес, облыстағы 119 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қажетті қаржы көлемі – 21,7 млрд. теңге.
Осы мақсатта биыл 21 нысанға (23 е.м.) 5,1 млрд. теңге бөлінді. Он нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде 23 елді мекен ауыз сумен қамтылып, облыста ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 87 %-ға жетеді.
Жиында оңтүстік аудандарды (Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал) сапалы ауыз сумен қамту мәселесі көтерілді. Оны шешу үшін «Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады мен су құбыры» жобасын инвестиция тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.
Кентауда жер асты суларын төмендету жүйесін салу жобасының бірінші кезеңі аяқталуға таяды. Бірегей жобаның барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Кенді шаһарда салынып жатқан жер асты суларын төмендету жүйесі толық жүзеге асқан соң Кентаудағы апаттың алдын алу мәселесі шешіліп, жиналған су тиімді пайдаланылмақ. Тартылған су «Қосқорған» су қоймасына құйылады. Түркістан өңіріне қосымша 70 млн. м3 дейiнгi ағын су жеткізілетін болады.
Жоба аясында бұрынғы шахтаға түсетін ғимараттың ішіне 60 м тереңдікте 11 сусорғыш орнатып, «Кеншілер» саябағында орналасқан бетонды арыққа құю арқылы қала ішімен алып өту қарастырылған. Нәтижесінде Кентауда жасанды көл пайда болады. Жоба бойынша 1,5 мың шақырым жол қазылып, 5,5 шақырымға құбыр жүргізілді.

___

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Next Post

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі