13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақов айтты.

– Кентау қаласындағы №5 жылу энергия орталығы қалыпты режимде жұмыс істеуде. Жылу беру температуралық кесте бойынша жүзеге асырылуда. Орталықтандырылған жылуға қосылған 14 мың абонент бар. Барлығы толық жылу жүйесімен қамтамасыз етілген, — деді Қуаныш Ғалымжанұлы.

Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, 2022-2023 жылдары жылыту маусымын сапалы және үзіліссіз өткізу мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен, №5 ЖЭО негізгі және қосалқы қондырғыларын, №7,8,11,12 қазандықтарын, №3 турбогенераторды ағымдағы жөндеуге қажетті қаржы қарастырылған. Қазіргі уақытта ағымдағы жөндеу бойынша барлық жұмыстар толығымен аяқталған.

– Жылу энергия орталығы толық жұмыс режимінде қызметін атқаруда. Ерназаров-Төлеби көшесі тұрғындарымен болған кездесудегі өтініштерге сәйкес, (обратка) қайта құбырын үлкейту мәселесі бойынша жұмыстар атқарылды. Ішкі резервтен өлшемі 100 мм және 133 мм, жалпы ұзындығы 300 метр құбыр тартылып, 19 қараша күні іске қосылды. Нәтижесінде, Әуезов, Төлеби, Ерназаров көшесінде жылу көрсеткіштері оң нәтиже беріп жатыр. Қала тұрғындарынан «жылу жоқ» деген шағымдар азайды. Жекелеген өтініштер бойынша жылу инспекциясы, ішкі орам жүйесі, реттеу тобының қызметі тиісті жұмыстарын істеп жатыр. Сондай-ақ, тұрғындармен түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде, — деді «Кентау Сервис» МКК директоры Әшірхан Төлеу.

Сонымен қатар, 2022-2023 жылдардағы жылу маусымына қажетті 90 000 тонна қатты отын (көмір), 700 тонна сұйық отын (мазут) және 20 тонна дизельге келісімшарт түзілген. Ол кестеге сәйкес жеткізілуде.

Previous Post

Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі!

Next Post

ТҮРКІСТАН: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі