13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ “АҚЖЕЛКЕН” САНАТОРЛЫҚ БАЛАБАҚШАСЫНДА САУЫҚТЫРУ ШАРАСЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ “АҚЖЕЛКЕН” САНАТОРЛЫҚ БАЛАБАҚШАСЫНДА САУЫҚТЫРУ ШАРАСЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қалалық адами әлеуетті ламыту бөлімінің “Ақжелкен” санаторлық балабақшасының бүлдіршіндері күнделікті сауықтыру шарасынан өтеді. Ол таңғы және түскі ұйқыдан кейін іске асырылады. Мамандар бүлдіршіндерді бірден оятпайды, олар арнайы музыканы қойып бүлдіршіндерге жаттығу жасатады. Осылайша сергек болып оянған балалар түстен кейінгі бағдарламадағы сабақтарда белсенді болады. Бұл сауықтыру жаттығулары мекеменің негізгі ерекшелігі болып табылады.

Егемен еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер денсаулығын нығайту және қорғау ол еліміздің Даму стратегиясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. “Ақжелкен” санаторлық балабақшасында «Денсаулық» саласына ерекше көңіл бөлініп, бала денсаулығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған оқу-қызметтері мен іс-шараларды тәжірбиелі педагогтар жүргізеді. Қазіргі таңда мекемеде жас ұрпақты заман талабына сай жан-жақты дамытуда, өз үлесін қосып, жемісті еңбек етіп жүрген білікті педагогқатары да артып келеді. Олар үнемі өз іс тәжірбиелері мен бөлісіп, жас мамандарға ақыл кеңес, бағыт, бағдар беріп отырады. Санаторлық-балабақшада педагогтар мен тәрбиешілердің ізденіп жұмыс жасауына мол жағдай жасалған. Тәрбиешілер шығармашылық тақырыптарымен жұмыс жасайды. Яғни, оқу жылының басында арнайы тақырыптар бекітіледі. Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған заманында тәрбиешілердің ізденуіне еш қиындық жоқ дейді балабақша меңгерушінісің міндетін уақытша атқарушысы Рахима Мақұлова.

Жалпы балабақша ұжымы креативті, қала, облыс көлемінде белсенділік танытып жүр дейді балабақша басшылығы. Жуырда балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтауды мақсат еткен семинарда ұйымдастырылған. Шараның негізгі бөлімінде мектепалды даярлық «Ботақан» тобында логопедтің өткізуімен түзету-дамыту жұмыстары жүргізіліпті. Тәрбиешіге қойылатын талап жоғары екенін алға тартқандар біліктілікті арттыру үшін түрлі семинарға қатысатындарында айтуда.

“Сау жан – сау денеде ғана болады”— деген дана халқымыз. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшаның негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.  Бала денсаулығының мықты болып , қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан  бұл салада атқарылатын жұмысты мамандар алдын ала жоспарлап қояды. Бұдан өзге балабақшада қосымша бағдарламалар және инновациялық технологиялар қолданылады. Күнделікті баланың ақыл-ойын арттыру үшін танымдық мағлұматтар да көп беріледі. Тәрбиешілер ата- анамен байланысты да үзбейміз деп отыр.

Ақ желкен санаторлық балабақшасының ерекшелігі — әр топта жеке логопед дефектолог мамандары жұмыс істейді.

Логопед — Дина Ізтілеуованың сөзінше балада үш жасқа дейін толыққанды даму процесі болады. Үш жастан бастап баланың сөйлеу тіліне, түсінігіне, іс-әрекетіне, психо­ло­гиялық дамуына мән бере бастаймыз. Қалып­ты жағдайда үш жастағы бала үш сөздің басын қосып әңгіме айтып, сұрақ қоя алады. Егер үш жасқа дейін атын атап шақырғанда қарамаса, іс-әрекеттерді түсініп жасай алмаса, сөз­дерді қосып айта алмаса, логопедтің кө­ме­гіне ертерек жүгінген жөн, — дейді ол. Білікті маман бүлдіршіндерге жеке методика бойынша ем- дом жүргізеді. Сондай-ақ, ол балаға алдямен артикуляциялық жаттығуды жасайтынын алға тартады. Ал шайнау рефлексі артикуляциялық ап­парат­тың қалыптасуына, сонымен қатар бала­ның дыбыстарды анық айтуына және анық сөйлеуіне тікелей әсер етеді екен.

Бала тілі шықпауының себебі әртүрлі дейді мамандар. Шарана құрсақта жатқанда анасының түрлі ауруға шалдығуы, толғақ кезінде жарақат алу, емізікті ұзақ емген бала таңдайының дұрыс қалыптаспауы, тілдің патологиялық өзгерісі секілді себептер тізіліп кете береді. Үнемі смартфон мен гаджеттерге үңіліп, дыбыссыз мультфильмдерді көру де бала дамуын тежейді. Ал ата-ана мен бала арасындағы қатынас, тәрбие жөні өз алдына бөлек әңгіме.

Баласын ақылы орталықтарға апаруға кез-келген ата-ананың қалтасы көтермейді. Сондықтан Түркістан қаласындағы санаторлық балабақшаның жұмыс істеуі тұрғындарға үлкен көмек беріп отыр. Себебі мұндағы логопедтің қызметі тегін көрсетіледі.

Айта кетсек, Түркістан қаласындағы “Ақ желкен” санаторлық балабақшасы 2001 жылдан бастап жұмыс келеді. Балабақшада 230 бала тәлім тәрбие алуда. Жалпы мұнда 10 топ болса, оның алтауы тілінде кемістігі бар балаларға арналған. Ал қалғаны анемия балаларға арналған топ.

Мұнда балалардың білімін жетілдіріп, зияткерлік қабілетін арттыратын жабдықтар түгел бар.

Сондай-ақ бөбектерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен,музыкамен айналысуына да баса назар аударылған.

Previous Post

КЕНТАУ: ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ ПАРАСАТТЫ РЕФОРМАЛАРЫ КІТАПХАНАЛАРДА НАСИХАТТАЛУДА

Next Post

ЖЕТІСАЙ: ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі