13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ ПАРАСАТТЫ РЕФОРМАЛАРЫ КІТАПХАНАЛАРДА НАСИХАТТАЛУДА

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ ПАРАСАТТЫ РЕФОРМАЛАРЫ КІТАПХАНАЛАРДА НАСИХАТТАЛУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанымызда Президентіміздің парасатты реформалары жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Әділетті Қазақстан, жаңа Қазақстан қалыптастыруға деген сенім күннен-күнге нығайып келеді.

Қазіргі таңда қоғамдық 20 ұйым мен 3 саяси партиядан құрылған Халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Президенттікке ұсынып, республика жұртшылығы жан-жақты қолдауда.
Биылғы жылдың басында Алматыдағы «Қазығұрт» баспасынан “Мархабат мақамдары” атты шағын ғана кітапшамыз жарыққа шыққан. Көктемде Әл-Фараби кітапханасында Шымкент қаласының кітапханаларына, оқу орындарына таратылды. «Мархабат мақамдары» кітапшасы дәл қазіргі, аса жауапты аса маңызды, бүкіл еліміз, халқымыз, мемлекетіміз үшін тағдыршешті, саяси сайлау науқанының ізгі де игі мақсат-міндеттерімен терең үндесіп, жан-жақты үйлесіп тұр.

Бұл кітапқа жазушы, «Түркі әлеміне қызметі үшін» және «Алаш» Халықаралық сыйлықтарының лауреаты Мархабат Байғұттың көсемсөздік мақалаларынан, «Түркілер төрі Түркістан» тарихи-көркем эсселер кітаптарынан, сондай-ақ сұхбаттарынан, кейбір повестері мен көркем әңгімелерінен қысқа да нұсқа қайырымдары, кім-кімді де терең ойларға түсіретін өткір де өзекті пікірлері жинақталған. Жазушының «Абайды оқы, орында!» бастамасы да ашыла түскен. Ең бастысы – халық Президентікке таңдап отырған тұлғаның Әділеттілік хақындағы қағидаты арпа-арқау болған десек, артық айтқандыққа жатпайды.
Кітапты ең алдымен кітапханашылар жақсы қабылдады. Тегіс, түгел ұғынды. Қазіргі сәтте оқырман қауымға насихатталып, саяси мәні теңдессіз жоғары Президенттік сайлау қарсаңында талқылаулар, пікірлесулер, тағы басқадай шаралар ұйымдастырылуда.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АЙГӨЛЕК» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ “АҚЖЕЛКЕН” САНАТОРЛЫҚ БАЛАБАҚШАСЫНДА САУЫҚТЫРУ ШАРАСЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі