Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты « Айгөлек» бөбекжай балабақшасындағы бүлдіршіндер сабақ оқуға кіріспес бұрын міндетті түрде дайындық әнін шырқайды. Осылайша ерекше тәсілді қолданатын тәрбиешілер балалардың сабаққа ынтасын алдын ала ашып алады. Одан соң, жоспарға сәйкес дәрістерді еркін форматта өткізеді. Форматты таңдау құқығы балаларға беріледі. Бүгінде мекемедегі педогогтар бекітілген жылдық жоспар бойынша өз жұмыстарын жасауда. Олардың іске асырып отырған жұмысының арқасында бүлдіршіндер ұйымшылдыққа үйреніп келеді. Сондай-ақ, оқу қызметінің дағдыларын меңгеріп, бағдарламаларды игеруде. Біздің басты мақсатымыз әрбір бала өмірін қорғап, денсаулығын нығайтып терең әрі жан-жақты білім беру дегенді алға тартуда.
Қызылгүл Әміршева бірнеше жылдан бері балабақшада еңбек етеді. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесінің маңыздылығын жақсы түсінеді. Сондықтан, бүлдіршіндерді білімді тұлға етіп тәрбиелеу жолында кідіріс болмау керек, дейді. Балабақша қызметкері ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдауларына себеп жоқ, — дейді. Тәрбиешілер бүлдіршіндерді мектепке дайындап, танымдық-дамыту ойындарын ойнатады. Білім көкжиектерін кеңейтеді.
21 ғасыр- Ақпарат заманы. Жаһандану үрдісінің қайнап тұрған шағы десекте қае айтқанымыз емес. Шынын айтсақ, ересек адам түгілі, қазір баланың өзін таңқалдыру, назарын аударып, көңілін аулау қиын іске айналды дейді мамандар. Сондықтан баланың сабаққа ынтасын ашу барысындағы бар ауыртпалық мектепке дейінгі мекеме ұжымына түсетіні анық. Осы ретте Түркістан қаласындағы “Айгөлек” бөбекжай балабақшасы дәстүрлі оқу бағдарламасына жаңа бағыт енгізіп отырады.
Иә, Түркістан қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымының мамандары үнемі біліктілікті арттырып отырады. Оны тәрбиешілердің баламен қарым -қатынас жасап, сабақ беру тәсіләнен аңғаруға болады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген халық даналығы бар. Дәл осы ұғым – қазіргі мектепке дейінгі мекемелердің бітім-болмысын, ұстанымын айқындап бергендей.
Өкініштісі қазір ата- аналар жұмыс басты. Кейде щымыраған уақытта ұл-қыздарымызға көңіл бөлмей қалатынымыз тағы бар. Дәл осы шақта – балабақшаның мәні зор. Бұл мекемеде жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік өз ісін шынайы сүйетіндер. Мектепке барғанға дейін түркістандық балақандар білікті маманға бай балабақшада тәрбиеленуде. Осы жерде жасына сай базалық білім алып, зейінін қалыптастыратын ойын түрлерін де үйренеді.
Есте болса, Президент Жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту туралы айтқан болатын. Ойлау негіздері, шағырмашылық қабілет, жаңа дағдылар бала кезден қалыптасады. Жаңа заманда креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік бала кезден егіледі, деді. Осылай деп, біліктілік талаптары мен оқу әдісін және тәрбиешілер мен балабақшадағы басқа да қызметкерлердің жалақысын қайта қарауды тапсырды.
Президент балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет екенін айтқан. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керектігінде тілге тиек еткен-ді. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітіліп, олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Балабақша ұжымы Президенттің мектепке дейінгі мекеме қызметіне түбегейлі өзгеріс қажет дегенін құптайды. Айтуларынша, бұл — жалпы оқыту жүйесіне серпін бермек. Мұндағы мамандар да бүгінгі заман баласын қызықтыру өте қиын екенін айтады. Сондықтан әр түрлі тәсілдерді қолдану керек деп есептейді. Қазақ «баланы алты жасқа дейін хандай көр, алты жастан құлыңдай жұмса, 16 жастан кейін сырласыңдай көр» деп, жасына қарай тәрбиелеген. Осыдан-ақ, баланың өмірлік ұстанымы алты жасқа дейін қалыптасатынын түсіну қиын емес. Балаьақша тәрбиешілерінің пікірінше, балаға тәрбие мен білімді күштеп құюға болмайды. Қазіргінің басты талабы – баланың тұлға болып жетілуі. Ойын еркін айтып, көзқарасын нақты жеткізе білуі. Бұл ретте, балаға кез келген істе өзі шешім қабылдау әдетін сіңіру маңызды,-дейді олар.