13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНДЕ КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ЖАҢАРТЫЛҒАН

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНДЕ КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ЖАҢАРТЫЛҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

Тері-венерологиялық диспансері өңірдегі қарқынды дамып келе жатқан медициналық ұйым. Мұндағы мамандар науқастарға сенімділікпен зерттеу нәтижелерінің нақтылығын кепілдік етеді. Себебі мекемедегі құрал-жабдық жыл сайын заман талабына сай жаңартылып тұрады.  Нәтижесінде ақ халаттылар науқастарға сапалы медициналық қызмет ұсынады. Мұнда  терінің созылмалы және жұқпалы ауруларын ерте анықтау үшін және оларды консервативті емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Айта кетсек, мекемеде арнайы ақылы бөлімде жұмыс істейді. Мұнда мамандар тұрғындарға косметологиялық қызметті ұсынады. Биыл аталған бөлімдегі техникалар жаңартылып, жаңа процедуралар қызмет қатарына қосылған.

Диспансерде жұқпалы тері ауруларын емдейтін дермотология екі бөлімшесіде жұмыс істейді. Мұнда санитарлық талап қатаң сақталады. Себебі дерт жұғатын болғандықтан мамандар емдік әдісті де әр науқасқа жеке тағайындайды.

Сондай-ақ мамандар диспансерде терінің қатерсіз ісіктерін алып тастау, косметикалық және эстетикалық кемшіліктерін түзетуге аз инвазиялық әдістерді кеңінен қолданады. Облыстық тері венерологиялық диспансері — өңірдегі дерматовенерология бойынша ең байырғы және ең басты емдеу-диагностикалық мекемесі болып саналады. Мұнда ең  үздік дерматовенерологтар тері ауруының түрлі түрлерін және урогениталды инфекциялық ауруларды диагностикалауға және емдеуге заманауи технологиялар мен бірегей зертханалық және медициналық құрал-жабдықтарды қолданады. Науқастардың қалауы бойынша көрсетілетін қызметтер құпия, соның ішінде жасырын түрде көрсетілуі мүмкін.

Айта кетсек, диспансер 2014 және 2016 жылдарда «Сала көшбасшысы» құрмет атағына екі рет ие болды, сондай-ақ «Медицина мақтанышы» ұлттық сертификатына ие болған. Сондай-ақ диспансерде емхана бөлімшесіде жұмыс істейді. Мұндағы дәрігерлер тұрғындарға кеңес беріп, зерттеулер алады. Мекеме арнайы лабараториямен де қамтылған. Жыл сайын әр бөлімдегі дәрігердің кәсіби сауаттылығын көтеру мақсатында 20-25 дәрігер дерматовенерологтар, 30-дан астам медбикелер біліктілік арттыруға жіберіледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҮЙІРМЕЛЕРІ ТЕГІН ЖАҢА СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: СӘКЕН МЕН САҒЫНДЫҚ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі