13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҮЙІРМЕЛЕРІ ТЕГІН ЖАҢА СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҮЙІРМЕЛЕРІ ТЕГІН ЖАҢА СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында ауыл балалары спорт секцияларына тегін қатыса алады. Жаңа спорт залы жергілікті мектеп аумағында ашылды. Зал бөлмесі мектеп балансында. Осыған дейін ауыл балалары күрес үйірмесіне барғанымен, тұрақты жаттығулар өткізу үшін қажетті жағдай жасалмаған еді. Сондықтан тұрғындар, әсіресе, балалар жаңа залдың ашылуын асыға күтті. Мұнда барлық заманауи талапқа сәйкес жабдықтар қарастырылған.

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен үй-жай қажетті заманауи жабдықтармен, спорттық мүкәммалмен және жаттығуға арналған құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Жаңа спорт залда 80 бала еркін күреспен айналысуды бастап кетті. Бұдан өзе жаңа залда бокс секциясы ашлады деп күтілуде. Оған балаларды қабылдау науқаны да басталды. Қақпақ ауылындағы бұл нысан — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Батыр боламын» қорымен серіктестікте «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы аясында ашылып отыр. Яғни бұл зал 24-тің ішіндегі тоғызыншы спорт залы. Бұл жоба алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Еске сала кетсек, «Қазақстан халқына» қоры бастамашылық еткен «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде немесе спортқа қолжетімділік деңгейі төмен ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жобаның мақсатты аудиториясы – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ даму ерекшелігі (инклюзивтілігі) бар жеткіншектерге спортпен айналысуға жағдай жасау. Бүгінде 24 залды ашуға қор 183 623 000 теңге көлемде қаржы бөлу қаралған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНДЕ КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ЖАҢАРТЫЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі