13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалық! Биыл аудандағы 7 елдімекенге табиғи газ беріледі. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев 9 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты.

Мұхит Баймұханбетұлының мәлімдеуінше, ауданда электр қуатымен қамту көрсеткіші 98,6%-ға жетіп отыр. Бүгінде Көктерек кенті, Дарбаза, Ердәуіт, 51-разъезд, Жылысу, Дархан және Келес елдімекендерін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл 7 елдімекенге, яғни Жаңаталап, Алғабас, Ақ үй, Дастан, Құркелес, Дарбаза, Шымырбай елдімекендеріне табиғи газ беріліп, жалпы қамту көрсеткіші 76,5%-ға жетті. Ал ауызсумен қамту көрсеткіші 64,1%-ға жеткен.

– Аудан тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында жұмыстар жоспарға сай іске асуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ауданда перинаталдық орталықтың құрылысы басталады. Қазіргі таңда 8 гектар жер белгіленді. Мұнда аудан тұрғындарына ғана емес, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара ауданында тұратын азаматтарға да қызмет көрсетіледі, — деді Мұхит Баймұханбетұлы.
Спикердің сөзінше, 3 елдімекенде, яғни Жаңа тұрмыс, Жонарық, Қарақалпақ елдімекендерінде емдеу нысанын салуға ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда Құлтума елдімекенінен медициналық пункті желтоқсан айында тапсыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ аудандағы жалпы 96 көшенің 112 шақырымына орташа (74 көше 69 шқ) және ағымдағы жөндеу (22 көше 43 шқ) жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, биыл желтоқсан айында ауданда 3 мектеп пайдалануға берілмек. Жалпы, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында ауданда 11 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ҮЙІРМЕЛЕРІ ТЕГІН ЖАҢА СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі