13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданы, Таукент кентінде төрт бірдей балалар ойын алаңшасы ашылды. Сондай-ақ «Атомшылар алеясы» мен «Street workout» алаңы ел игілігіне берілді. Игі бастама уран экспортымен айналысатын компанияның халыққа жасаған алғашқы жақсылығы емес. Бұған дейін Созақта бірнеше әлеуметтік нысан мен спорттық алаңша дәл осы серіктістік арқасында бой көтерген. Компания басшылығы келесі жылы тағы да ел игілігі үшін бірнеше жоба әзірлеп жатырмыз дейді.

Бүгінде Созақ ауданы, Таукент кентінде «Kazatomprom-SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен салынған төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар алеясы» және «Street workout» алаңының ашылу салтанаты өтті.

Жиында аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды нысандардың ашылуымен және «Kazatomprom-SaUran» ЖШС-нің құрылғанына 25 жыл толу мерекесімен құттықтап, компанияның бас директоры Асқар Нұрғалиевке аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын табыс етті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай, халыққа көмек көресетуді жүзеге асырып, көптің ықыласына бөленіп келген «Kazatomprom-SaUran» компаниясы ауданның даму жолында әрқашан үлкен қолдау білдіріп келеді. Осындай өрелі өндіріс орындары өңірімізде өркен жайып, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға және бірқатар әлеуметтік нысандарға демеушілік көрсетіп жүр. Бүгін, міне, Таукент кентінде төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар аллеясының» және «Street workout» алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Осынау әлеуметтік қолдауға Созақ ауданы тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін, — деді Мұхит Тұрысбеков.

Аталған жиында Таукент кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленбек Әйнекбаев аудан басшысы мен демеуші компания ұжымына кент тұрғындары атынын алғысын білдірді.
«Kazatomprom-SaUran» ЖШС-нің бас директоры Асқар Нұрғалиев аудан көлемінде осындай игі шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: 2023 ЖЫЛЫ БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі