13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 2023 ЖЫЛЫ БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 2023 ЖЫЛЫ БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 17 елді мекен табиғи газды тұтынуда. Қалған елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстары жоспарға сәйкес кезең кезеңімен атқарылуда.

2021 жылы Амансай, Түйетас, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталған. Нысан толық аяқталған соң 5 елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болады. Сонымен қатар 2023 жылы аудандағы Жоғарғы Боралдай, Тайманов, Теректі, Жиенқұм, Шақпақ, Қазата, Ағыбет, Алғабас, Кеңестөбе, Бәйдібек ата елді мекендері және Шаян елді мекеніндегі 20 коммуналдық (жалдық) тұрғын үй мен 55 гектар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымында салынатын тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша тиісті қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталады.

Сондай-ақ аудандағы 10 ауылдың (Жаңаталап, Таңатар, Қошқар ата, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы) газ құбырларының құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.

Жалпы 2023 жылы Бәйдібек ауданындағы халықтың 82 пайызын газбен қамту жоспарлануда.
Айта өтейік, бүгінде Түркістан облысында ауылдарды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.Жуырда, Сауран ауданы, Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ берілді. Табиғи газ беру жұмыстары Шаға ауылдық округіне қарасты Қазақстанның 30-жылдығы елді мекенінен басталды. Қалған елді мекендерде ретімен жалғасын табатын болады. Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ №16 Ескі Иқан автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі. Аудан әкімдігімен «ҚазТрансГаз» АҚ елді мекендерге газ беру жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігер мекемелермен келісім-шартқа тұрып, құжаттарды түгелдегеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады.

Previous Post

ӘЛЕМДІК РОБОТОТЕХНИКА ОЛИМПИАДАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі