13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“АЛТЫН КҮЗ-2022” ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
“АЛТЫН КҮЗ-2022” ОРДАБАСЫДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ордабасы ауданының жұртшылығы “Алтын күз-2022” ауылшаруашылық еңбеккерлерінің мерекесін атап өтті.

Аудан орталығындағы алаңда ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ұзақ жылдар ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен бірқатар ардагерді марапаттады. Сондай-ақ Омарбек Аташевқа ҚР Ауылшаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің алғыс хаты табыс етілді.
Өз кезегінде ауданымыздың бірнеше шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлен мен серіктестіктерге де аудан әкімі мен мәслихат хатшысы тарапынан сый-құрмет көрсетілді.

Жалпы, 2022 жылдың 9 айында ауданның ауылшаруашылық саласында 53 миллиард 818 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 миллиард 446 миллион теңгеге артық.
Ағымдағы жылы аудан көлемінде 68 495 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, жоспар 104 пайызға орындалды.

Жалпы, 68 мың гектардан астам алқапқа егілген ауылшаруашылық дақылдарынан бүгінгі таңда барлығы 245 мың тоннадан астам өнім жиналды. Кейбір өнім түрлері жоспарланғаннан артығымен жиналып, аудан шаруаларының маңдай тер еңбегінің өз жемісін бергенін мақтанышпен айтуға болады.Ауданда 15,7 гектар жерге жылыжай құрылысы жүргізіліп, жоспар 105 пайызға, тамшылатып суғару 476 гектар жерге ендіріліп, жоспар 112 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ, жаңбырлатып суғару жүйесі де 500 га астам алқапқа ендіріліп, жоспар 111 пайызға орындалды. Егістік жерлерді тиімді пайдалану арқылы

1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы да тиімді жүзеге асты. Атап айтар болсақ, 363,7 гектарға 109 шаруа қожалық орналастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бірінші өнімнен – 7 854 тонна, екінші өнімнен 5 698 тонна өнім жиналды.

Ауданда ауылшаруашылық саласының мал шаруашылығы бағытында да өсім байқалады. Оның ішінде төрт түліктің саны артуда.

Жыл басынан 7 734 тонна мал мен құс еті, 37 861 тонна сиыр сүті және 10 068 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Previous Post

СОЗАҚТА АС ТҰЗЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ БАР

Next Post

ОТЫРАР АУДАНЫ: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖОБАСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі