13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардара ауданында бес бірдей балық зауыты жұмыс істейді

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шардара ауданында бес бірдей балық зауыты жұмыс істейді
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара балық шаруашылығы дамып келеді. Биыл өңірдегі кәсіпорындар 5 млрд теңгенің өнімін өндіріп, алыс-жақын шет елдерге экспорттаған. Қазір балық шаруашылығымен айналысатын 5 зауыт сырт елдермен тығыз байланыс орнатқан. Сондай-ақ биылдан бастап Америка мен Израиль, Түркия елдері де тапсырыс бере бастапты.

Қазір Шардара Түркістан облысы ғана емес, еліміздің біраз өңірін балық өнімдерімен қамтып отыр. Аудандағы 2009 жылы ашылған бұл өндіріс орны балық өнімдерін өңдеп тұздаумен және жем шығарумен айналысады. Шабақтар Шарадара су қоймасында өсіріліп, басқа балықтар Арал теңізі мен Зайсан, Балқаш көлдерінен тасымалданады. Арнайы цехтарда сүйегінен ажыратылып, тұздалады. Ерекшелігі сол, шикізат қалдықсыз өңделеді.

МАРЖАН ЖҰРТБАЕВА – ТЕХНОЛОГ — Тәулігіне 12 тонна көксерке балығы сойылады. Бір сменада 18 адам жұмысқа тартылған, балық кесуге. Және заказ бойынша, қабылдаған сазан тушка кесіп береміз. Бір айда 400-450 мың айлық алып жатырмыз.

Зауыттың жұмысы еуропалық азық-түлік кәсіпорындарына негізделген. Яғни кәсіпорын жаңа технологияларды енгізіп, балық өнімдерінің сапасын ұдайы жақсартып отырады. Бүгінде дайын өнімнің басым көпшілігі экспортқа жөнелтіледі. Негізгі тұтынушылары Еуроодақ пен ТМД елдері.

СӘБИТ ТАНАБАЕВ — АҒА ТЕХНОЛОГ — Горбуша деген балықтан істеп жатырмыз, лещьтен, жырық балық, щука балықтарынан жаңағы айтқан Турциядағы клиентке осы балықтардан жіберіп жатырмыз. Израильге жіберетін болсақ, қонтейнерге салып жібереміз. Ары қарай кемемен барады. Америкаға самолетпен жіберіп жатырмыз.

Балықтың табыс көзі екенін түсінген тұрғындар осы саланы меңгеруде. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары жыл сайын балық шаруашылықтарының саны артып жатқанын айтады. Себебі мемлекет тарапынан субсидия мен несие беру ісі қолға алынған.

ӨМІРБЕК РҮСТЕМОВ — ШАРДАРА АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ — Мынау сырттан келіп, өңдеп емес, өзімізде өсіріп, өңдеу саласын қолға алды. Яғни қазіргі таңда нақты 5 шаруа қожалығы биыл ашылып, жұмыстарын жүргізуде.

Қазір кәсіпкерлерге Сырдария-Қызылқұм каналдарының бойынан жер телімдері беріліп, онда шабақтар өсіруге қолайлы жағдай жасалуда. Арнайы мамандар барып, балық өсірудің технологясын үйретеді. Осы жұмыстардың нәтижесінде келер жылы 12 кәсіпкер балық өсіру ісімен айналыспақ.

Previous Post

Түлкібастық бағбандар алма жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізбек

Next Post

СОЗАҚТА АС ТҰЗЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ БАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі