Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру мақсатында «Қарттарды құрметтейік» атты қайрымдылық акциясы өтті.Акцияға Сауран ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің ерікті жастарының қатысуымен ауданымыздағы қарт кісіге қолғабыс жасалып,көмек көрсетілді.
Қайрымдылық акцияның мақсаты өскелең ұрпақтың бойына қамқорлық, үлкенге деген сыйластық сынды ізгі амалдарды сіңіре білу. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Ендеше қазынамыз болған қарттарымызды бағалай білейік!
Осыған дейін Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Оранғай ауылдық округінің инспекторы Н.Мирзакуловтың ұйымдастыруымен жастардың волонтерлік қызметін дамыту мақсатында “ Қайырымдылық жасау әрбір жастың міндеті” атты аудандағы жалғыз ілікті қарттарға, ардагерлерге т.б азаматтарға көмек көрсету, қолғабыс жасау акциясын іске асырған. Оған Оранғай ауылдық инспекторы Н.Мирзакулов және ерікті жастар қатысқан-ды. Қайырымдылық -халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық , мейрімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Бұл акцияның мақсаты аудандағы жалғыз ілікті қарттарға, ардагерлерге жандарға көмектесіп , жылулық сезімін жеткізу. Акция алдағы уақытта өз жалғасын табады.