Әлемде әйелдердің 3 тен бірі зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Бұл статистикалар күннен күнге көбеймесе азайып жатқан жоқ. Осыған орай, бүгін Түркістанда Орталық Азия мен Ауғанстанның азаматтық қоғам өкілдері бас қосты. Олар аймақтағы жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеп, өзара тәжірбие алмасты.
Әлемде қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бастамашыл топтардың саны артып келеді. Алайда, жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алар емес.Сарапшылардың айтуынша тіпті, алдағы 50 жылда да гендірлік теңдікті толық қалыптастыратын мемлекеттерді кездестіру екі талай екен.
ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВА — Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ — Бұл кез келген елде өршіп тұрған проблема. Әлі еш бір ел гендерлік теңдікке жеттік деп айта алмайды. Және сарапшылардың болжамынша, бұл алдағы 50 жылда да қол жеткізетіндей емес.себебі отбасылық зорлық зомбылық пен гендерлік зорлық зомбылық бұл проблеманың бір шеті.ал екінші шеті гендерлік дискримнация. Яғни жұмыс орнындағы әйелдер мен еркектерге бағытталған дискриминация.
Бүгінгі форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ауғанстаннан келген өкілдер қатысты.6 мемлекеттен жиналған 30-дан астам азаматтық қоғам өкілі мен сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда Ауғанстан әйелдеріне деген қысым басым. Тәліптер билік басына келген соңғы 1 жылда бұл мәселе екі есе ушыққан көрінеді.
ШУКРИЯ ХАЛИКИ –АУҒАНСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ҰЙЫМ ДИРЕКТОРЫ — АУДАРМА: талибан билігі құрылғалы бері ауған әйелдері мен қыздары қиындыққа тап болды. Білім алу да, жұмыс істеуде қиын. Олардың құқығын қорғайтын заң жоқ десе де болады. Бүгінде мектепте қыздар 6-сыныпқа дейін ғана оқи алады. Жоғарғы сынаптар жабық тұр. Ал, жұмыс істейтін әйелдер жанында туысын ертіп жүруге мәжбүр.ол оның ағасы не інісі немесе күйеуі болуы мүмкін.сонымен қатар елде 13-14 жастағы қыздарды мәжбүрлеп тұрмысқа беретін аумақтарда кездеседі.
Айта кетейік, форум биыл Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Енді алдағы уақытта, бұл үрдісті жалғап мамандар жиі бас қосып тұруды жоспарлауда.