13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Төлеби ауданында селден зақым келген 42 үй жаңадан салынуда

6 июля, 2020
in Қоғам
0
Төлеби ауданында селден зақым келген 42 үй жаңадан салынуда
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев табиғат апатынан зардап шеккен Төлеби ауданын аралап, тұрғындармен тілдесті. «Алатау» мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан үйлердің құрылысын қадағалап қайтты. Ауданда селден зақым келген 42 үй қайта салынуда.

Олардың 8-де шатыры жабылып, есік –терезелері орнатылған. Қазір ішкі электр желісін өткізу мен сылақ жұмыстары жүргізілуде. Құрылысшылар сондай-ақ қалған 32 үйдің шатырын жабуға кіріскен. Тағы екі үйдің қабырғасы қаланып жатыр.
Аймақ басшысы сапар барысында баспаналарына зақым келген Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласы мен Киелі тас ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жартысына жуығы көп балалы отбасылар. Кездесу барысында барлығы да атқарылып жатқан жұмысқа ризашылықтарын білдірді. Өмірзақ Естайұлы өз тарапынан мердігер компания өкілдеріне үйлердің сапалы жүргізілуін тапсырып, тұрғындардың барлық жағдайы ескерілуі керектігін баса айтты.
Еске сала кетейік, 13-ші мамыр күні нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйлердің ауласына су кірген болатын. Таулы аймақтарда жүрген селден үйлер мен жолдарды су шайып, бірнеше көпір қираған еді. Арнайы комиссия құрылып, сел салдары шұғыл түрде жойылды.

Previous Post

Елорда күніне орай шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды

Next Post

Бізді қиындықтан құтқаратын: САБЫРЛЫҚ, ҚАЙРАТТЫЛЫҚ, ЫНТЫМАҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі