13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Елорда күніне орай шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды

4 июля, 2020
in Қоғам
0
Елорда күніне орай шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Елорда күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты.
Онлайн-жиында Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындармен тікелей эфирде байланысқа шығып, еңбек ұжымдарымен пікір алмасты. Шаһар басшысы өз сөзінде елімізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке жоғары қолдау жасалып отырғанына тоқталып, нәтижесінде үшінші мегаполисте жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанын атап өтті.
— Бүгінгі таңда Шымкент қаласы өнеркәсіп пен сауданың, мәдениет пен өркениеттің қаласы болып саналады. Мінеки, Астана күні мерекесі қарасаңында қала аумағында бірнеше жаңа инвестициялық өндірістік жобалар іске қосылды. Қаламыздағы өнеркәсіп кәсіпорындары «Бизнестің жол картасы-2025» және экономиканың басым салаларын дамытудағы «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылуда. Еліміздің мұндай жетістіктерге жетуі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы, — деді қала әкімі.
Елорда күніне орай Шымкент қаласы аумағында іске қосылған жобалардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Соның нәтижесінде жалпы 140 адам жұмыспен қамтылған. Оларға тоқталсақ, «QagazOrdasy» ЖШС — А4, А3, А2 форматтағы қағаз өндіру фабрикасы; «NURTAU distributioncompany» ЖШС – шоколадты кәмпит және сағыз шығаратын кондитерлік фабрика құрылысы; «PROF AKS» ЖШС – шыны пакеттерге арналған алюминий дистанциялық жақтаулар өндірісі; «NEW TECHNOLOGY» ЖШС — дизельдік генератор зауытының құрылысы; «Арман Агро» ШҚ — көлемі 3.7 га өндірістік жылыжай; «Зәуре» ШҚ — көлемі 3 га өндірістік жылыжай; «Керемет Сапа» жшс – Интенсивті алма бағы; «ККК» ЖШС – құс фермасы; «Нормухамедов» ЖК — бал өндіру.
Айта кетсек, қазіргі таңда қала аумағында құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металлургия, мұнай-химия өндірісі және т.б. салаларда 600-ден аса өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 426 гектар аумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары орналасқан. Аймақтарда 6 мыңнан аса жұмыс орнын құрайтын 125,6 млрд.теңгеге 124 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 69,1 млрд.теңгеге 81 жоба іске қосылып, бүгінде 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар, 200 гектар аумақта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы табысты жұмыс істеуде. Аймақта 3 мыңнан аса жұмыс орнын құрайтын 90,1 млрд.теңгеге 42 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 30,8 млрд.теңгеге 17 жоба іске қосылып, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Онлайн-жиын соңында Мұрат Дүйсенбекұлы барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Елорда күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ карантин шараларын қатаң сақтап, денсаулықтарын күтуге шақырды.

Previous Post

Түркістан: Ордабасыда 900 шақырымға жуық 85 канал тазартудан өтуде

Next Post

Төлеби ауданында селден зақым келген 42 үй жаңадан салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі