13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бізді қиындықтан құтқаратын: САБЫРЛЫҚ, ҚАЙРАТТЫЛЫҚ, ЫНТЫМАҚ

6 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
Бізді қиындықтан құтқаратын: САБЫРЛЫҚ, ҚАЙРАТТЫЛЫҚ, ЫНТЫМАҚ
228
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бізде соңғы кезде жаман әдет пайда болды. Сәл бір жаман нәрсе болса болды әкімді кінәлап шығамыз. Бүгінгі пандемияға қатысты айтамын да. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаншалықты кінәлі? Бұл әлемдік пандемия. Еуропаның өркениеттің шыңына шыққан елдері де індетке қарсы төтеп бере алмай жатқан жоқ па?!

Несін жасырамыз, бүгінгі жағдай әкімнің жұмысына көлеңке түсіргені болмаса, оның іскерлігіне жалпы жұрт риза деп ойлаймын. Әйтенов тізгінді қолға алғалы қаланың құрылысына қан жүгірді. Өздеріңіз де күнделікті куә шығарсыздар. Қаланың қай бұрышына барсаң да жөнделіп жатқан жолдар, басқа құрылыстар алдыңнан шығады.

«Өз өзіңе бекем бол көршіңді ұры тұтпа» дейді. Сол айтпақшы сіз бен біздің ауырып қалмауымыз ең әуелі әкімге емес, тікелей өзімізге байланысты. Ешқандай санитарлық норманы сақтамасақ инфекция өршімей қайтеді, ойлаңыздаршы. Қарапайым масканың өзін халық түгел тақпай жатқан жоқ па?

«Көш жүре түзеледі» демекші, пандемиямен қалай күресуді, өзімізді қалай ұстауды енді үйреніп келе жатырмыз. Рас, басында үрей болды, өзіміз де не болғанын түсінбей қалдық. Бұрын соңды мұндай пәлеге кім ұшырап көріпті. Сондықтан басшылыққа күйе жаға бермей, сабырға келейік, осы кезде ынтымағымызды көрсетпегенде қашан көрсетеміз. Күндіз-түні шапқылап оларға да оңай емес. Жұрт осылай қиналып жатқанда әкімнің ұйқысы тыныш деп ойлайсыздар ма?!

Ауруханалық төсек-орын мәселесі шешімін тауып жатыр. Дәрі-дәрмектің проблемасы да шешіліп қалады, Құдай қаласа. Пандемия басталғанда азық-түлікпен де осындай дүрбелең болған еді, естеріңізде ме?! Ендеше кеше ғана әкім қызметіне кіріскен Мұрат Дүйсенбекұлына қолдау білдіріп, қайта түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға өз ұсыныс, идеямызды айтып, көмектесейік ағайын!

Previous Post

Төлеби ауданында селден зақым келген 42 үй жаңадан салынуда

Next Post

Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай кентауда ұлы Абайға ескерткіш орнатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі