13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕ КЕПІЛІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ: ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕ КЕПІЛІ
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Мұхит Баймұханбетұлы Көктерек кентінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, әрі қарай да бұл жұмыстардың қарқынмен жалғасатынын жеткізді.

Осыған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқан. Атап айтқанда, Көктерек кентіндегі Абай көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысынан Еңбекші көшесіне дейінгі аралықта ұзындығы 1,45 шақырымды құрайтын тозығы жеткен аяқ жолды жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда аяқ жол салу жұмыстары аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы кент аумағындағы тозығы жеткен 21,07 шақырым электр желілерін және 540 дана электр бағаналарын, 15 дана трансформаторларды қайта жаңарту мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда бетон бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын келесі жылдың бірінші тоқсанында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан аудан басшысына тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру, жаңа мектеп салу мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Аудан басшысы бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Мұхит Баймұханбетұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің қабылдауына алдын ала жазылған тұрғындар мектеп салу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй беру және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

— Біздің басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру. Сондықтан, тұрғындарды толғандырып отырған барлық мәселе бақылауымызда болады, — деді аудан басшысы.
Тұрғындардың мәселелерін жіті тыңдаған аудан басшысы өтініштерге заң аясында жауап беріп, тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың арыз-шағымдарына уақытылы заң шеңберінде шешуді тапсырды.

Previous Post

Отырар: «Алтын күз – 2022» жәрмеңкесі өтті

Next Post

ТӨЛЕБИ: САЯБАҚҚА ҚОСАН МАМЫТОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі