13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: САЯБАҚҚА ҚОСАН МАМЫТОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: САЯБАҚҚА ҚОСАН МАМЫТОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Төлеби ауданы Зертас елді мекенінде Қосан Мамытов атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуезханұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы қатысып, тұрғындарды демалыс орнының ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Бұрынғы ОҚО тумасы, 20 жасар Қосан Мамытов Ұлы Отан соғысына аттанған. Ол 1-ші Беларусь майданы 3-ші әскер 120-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы 336-шы гвардиялық атқыштар полкінің пулеметшісі болды. Батырдың майдан даласындағы ерлігі ел есінде.

Қосан Мамытов атындағы саябақ құрылысының қаржылай көлемі 6.5 млн теңгені құраса, оның 3.5 млн теңгесі бюджеттен қаржыландылып, қалған 3 млн теңгесін округ халқы жинап, игі істің ұйытқысы болды. Мұның барлығы батырдың есімін ұлықтап, оны мәңгіге ел есінде сақтау. Демалыс аймағына Кеңес Одағы батыры Қосан Мамытовтың кеуде мүсіні арнайы орнатылған. Бұдан өзге, тынығып демалуға арналған орындақтар да қойылды. Сонымен қатар шырша ағашы егіліп, жарықшамдар орнатылды. Аяқ жол салынып, брусчатка төселді. Сонымен бірге, әрбір орындықтың жанына қоқыс жәшіктері де қойылды. Яғни тазалық шарасыда назардан тыс қалмады. Сәндік ағаштар мен гүлдер егілді.

Саябақ халықтың тынығып, демалуына керемет орын. Бос уақыттарыңызда елді мекеннің көрнекті жерінде орналасқан саябақта өткізе аласыздар. Демалыс аймағын Кеңес Одағының Батыры Қосан Мамытовтың есімімен атап, оның бюстін орнату арқылы кейінгі ұрпаққа батыр есімі ұлықталды, — деді құттықтау сөзінде Лесбек Әуезханұлы.

Зертас халқы ауданда іскерлігімен, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуымен танылған аймақ. Округ тұрғындары елді мекенді, көркейту, көгалдандыру ісіне белсене кіріскен. Сондай-ақ, ауыл халқын салауатты өмір салтына шақыру мақсатында Спатай Аңдас көшесінде жеке кәсіпкер Б.Аманбаев өз қаражатына заман талабына сай спорт кешенін тұрғызды.

Previous Post

САРЫАҒАШ: ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕ КЕПІЛІ

Next Post

Төлеби ауданында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" жобасы нәтижесін беруде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі