13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы нәтижесін беруде

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Төлеби ауданында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы нәтижесін беруде
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет аумағында жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар етіп, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында жыл көлемінде ауданның 1 қала мен 12 елді мекендерінде кездесу өткізудемін. Кездесулерде халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіріп келемін.
Аудан халқымен өткен кездесулерде, жеке қабылдауларда Ленгір қаласы І мөлтек аудан тұрғындары балалар және спорт алаңшасының құрылысын жүргізуді сұранған болатын. Аталған мәселені шешу бағытында жұмыстар атқарылып, нәтижесінде І мөлтек аудан аумағына 9 заманауи спорт алаңшасы қойылды. Көпқабатты үйлердің аулаларына балаларға қажетті ойын, спорттық алаңшалар және салауатты өмір салтын ұстануға қажетті қондырғылар орнатылды.

Төлеби ауданының 90 жылдығына орай және балалар жылына байланысты І мөлтек ауданның кішкентай тұрғындарына арналған қондырғылардың сапасына баса назар аударылды. Барлық ойын алаңшасына арналған қондырғылар сертификатталған, бала денсаулығына зиян келтірмейді. Ең бірінші қойылатын талап балалардың қауіпсіздігі деп, ойын алаңшасының төсенішіне дейін стандартқа сай болу қажеттігін ескердік. 30 баланың еркін ойнауына арналған қондырғылар жоғарғы сортты пластмассадан жасалған, белгіленген нормаға дейін ғана салмақты көтере алады. Сондықтан, балалар ойын алаңшасының ұзақ қызмет етуі үшін үлкендер оны өз қарауына алып, сындыруына жол бермесе деген тілек бар.

Бұған қоса, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар үшін автотұрақтар, ішкі көшелерге асфальт, бейнебақылау камералары, түнгі жарық шамдары мен суағар орнатылуда.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: САЯБАҚҚА ҚОСАН МАМЫТОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Next Post

Жаңа ғасырдағы жаңа Түркістан экономикалық тұрғыдан да көш бастап келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі