13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырар: «Алтын күз – 2022» жәрмеңкесі өтті

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Отырар: «Алтын күз – 2022» жәрмеңкесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Отырар ауданында киелі өңірдің шаруалары мен диқандарына арналған «Алтын күз-2022» атты салтанатты жиыны болып өтті. Аталған шара ерте көктемнен қара күзге дейін талмай еңбек еткен шаруалардың жыл қорытындысы десек те болады.

Жәрмеңкеде 18-ге жуық техника, ауыл шаруашылығының өнімдері қойылып, нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынылды.

Жиын Мәдениет сарайының өнерпаздары мен мың бұралған бишілердің өнерімен ашылды. Сахнада алғаш сөз алған аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов:

-Көктем шыға кетпенін күнге сүйдіріп еңбектенген шаруалар ала жаздай алқабын баптап, қара күзде жиын — терім уақытында жылдық азығын еселеп, еңсеріп алды. Бұл еңбеккерлер үшін – молшылық айы болып саналады. Биылғы су тапшылығына қарамастан ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері мол. Ауданымыздың ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысып, ала жаздай тер төгіп, мол өнім жинаған шаруаларға құт-береке тілеймін! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!,- деп, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде аудан шаруалары жоғары жетістікке жеткенін ерекше атап өтіп, еңбек адамдарына деген ыстық ықыласын білдірді.

Мұнан соң Сәкен Асылханұлы жүгері, жоңышқа, бақша өнімдері, бал өнімдері мен жеміс-жидек өсіруде биіктен көрінген жекелеген диқандар мен омарташыларды Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар тапсырды.
Сондай-ақ ауданымыздағы агроөнеркәсіп кешенін дамытуда үздік болып, ауыл шаруашылығын дамытуға мол үлес қосқаны үшін Балтакөл ауыл окргугінің әкімі Сейтхан Ателов, Талапты ауыл окргугінің әкімі Сұлтанмахмут Одаман және Ақтөбе ауыл округінің әкімі Исахан Тайгалтірлер алғыс хатпен марапатталды.

Салтанатты жиынды аудан өнерпаздары әсем әнмен қорытындылап, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЕКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Next Post

САРЫАҒАШ: ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕ КЕПІЛІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі