13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

4 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі іссапармен келді. Сапар аясында министр «Алатау медиа» орталығында облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесті.

Келелі басқосуға аудан, қалалардағы телеарналар мен газеттердің Бас редакторлары, ақпараттық порталдардың жетекшілері қатысты. Жиынды «Turkistan Media Holding» ЖШС Бас директоры Жанахмет Ағыбаев ашып, жүргізіп отырды.

Кездесу барысында жаңа және дәстүрлі медианың негізгі проблемасы, коммуникация сала­сын­дағы маңызды мәселелер талқыланды.

Жиында сөз алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар және БАҚ туралы заңды жетілдіру бағытындағы кешенді жұмыстарды баяндады.

— Жаңартылатын бұ­қара­лық ақпа­рат құралдары туралы заң жобасында бір­қатар жаңалық болады деп көзделіп отыр. Ақпаратқа қол жеткізу, журна­лис­тердің мәртебесін, кәсіби құзыретін арттыру және тағы басқа бірнеше өзгеріс енгізуді жос­парлап отырмыз, — деді Дархан Қуандықұлы.

Басқосуда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан, «Түркістан» газетінің бас редакторы Мәлік Әлмаханұлы, «Арыс ақиқаты» газетінің бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай, «Жануби Қозоғистон» газетнің Бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев БАҚ саласындағы бүгінгі қордаланған өзекті мәселелерді тілдеріне тиек етті. Қойылған сауалдарға министр Дархан Қыдырәлі жан-жақты жауап беріп, ұсыныстардың маңыздылығын жоғары бағалады.

 

Previous Post

Биліктің бірден-бір бастауы - халық

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі