13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

4 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының орталығындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақ күресінен спорт шебері Темір Шубайұлын еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы IV халықаралық турнир өтіп жатыр.

Тартысты додаға 2006-2007 жылы туған дзюдошылар қатысып, бақтарын сынауда. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков арнайы қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, турнирге келген Темір Шубайұлының шәкірттері — Түркістан облысының олимпиада резервін даярлау орталығының директоры Нұран Айтбеков пен Қазақстан Республикасының бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбековтер осындай жарыстардың өңірде көптеп өтуі ауыл таланттарын танытатындығын айтты.

Дзюдошылар бәсекесіне Алматы қаласы, Қызылорда облысы, Өзбекстан Республикасынан келген 20-ға жуық команда, 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Татами төріндегі балуандар белдесуінде 8 салмақ дәрежесінде ұлдар жарыс көрігін қыздырса, 8 салмақ дәрежесінде қыздар өзара бақ сынауда. Жарыс жеңімпаздары бүгін белгілі болады. Байрақты бәсекені жоғары дәрежеде ұйымдастыруға Бәйдібек ауданы әкімдігі мен Түркістан облысының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мұрындық болды.

 

Previous Post

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға дебат өткізу жөнінде талап қойды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі