13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биліктің бірден-бір бастауы — халық

4 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Биліктің бірден-бір бастауы — халық
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан көптеген сайлауларды бастан өткерген. Осы саяси додаларда бір байқайтынымыз, халықтың сайлауға қатысу белсенділігі қаладан гөрі, ауылдық жерде жоғарырақ.

Неге? Көзбояушылық жасайды дейсіз бе? Жоқ, ауылдағы халық сайлау күні таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне қарай ағылады. Тіпті кезекке тұрып өз таңдауларын жасайтынын талай сайлауға бақылаушы болған, қатысқан мына біздер куәміз. Мәселе басқада ғой.

Заң бойынша сайлауға қатысу, қатыспауға қатысты жүктелген ешқандай міндеттеме жоқ. Бірақ қайталап айтайық, бұл заң тұрғысынан. Бірақ әр азаматтың қоғам алдында, мемлекет алдындағы жауапкершілігін ысырып тастауға болмайды ғой. «Әй, қоя берші, мен барып дауыс бермесем де, бәрі шешіліп қойған ғой» деген сөзді де талай естіп жүрміз. Бірақ осындай бойкүйездікпен жаңа қоғамды орната аламыз ба? Жаңару дегеніңіз алдымен осындай ескі таным-түсінікті өзгертуден басталады емес пе?!

Қазақстанда биліктің бірден-бір бастауы — халық. Әр адамның таңдауы, әр адамның дауысы маңызды деген түсінік қана азаматтық қоғамға бастайды. Яғни, мемлекеттің, «Жаңа Қазақстанның» келешек тағдыры мына сіз бен біздің, әрқайсымыздың қолымызда. Сондықтан 20 қарашада өтетін Президент сайлауына бір кісідей қатысуға шақырамын. Бұл жолғы саяси науқанның жөні бөлек деп ойлаймын!

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы

Tags: 13kz13kz.kz13кзПрезидент сайлауыҒалымжан ЕЛШІБАЙ
Previous Post

Сайлау халқымызды биік мақсаттарға жұмылдырады

Next Post

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі