13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайлау халқымызды биік мақсаттарға жұмылдырады

4 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сайлау халқымызды биік мақсаттарға жұмылдырады
Share on FacebookShare on Twitter

Алда өтетін Президент сайлауының еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғыртудың тетігі ретінде маңызы зор. Бүгінде көршілес мемлекеттерде қақтығыстар өршіп тұрған кезде, еліміздегі ең маңызды мәселе тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау екенін айқын түсінеміз.

Халық сайлауды жұмыла қолдай отырып, ертеңгі күнге деген сенімділікті, жарқын болашақты қамтамасыз ететініне шүбәсіз сену қажет. Сондай-ақ Президенттің Конституциялық реформа нәтижесінде өз өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болмағаны да сайлаудың ашық және сенімді өтетініне үміт арттырады.

Қазіргі таңда сайлау науқаны қызу өтіп жатқанын көріп отырмыз. Президенттікке тіркелген үміткерлер аса белсенділік танытып, өңірлерді аралап, халықтың хал-жағдайымен танысуда.  Кез келген дамыған қоғам үшін Президент сайлауы — айтулы шара. Бұл — елді біріктіретін, жаңа Қазақстан құратын, жаңашылдыққа бастайтын қадам. Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет болуды аңсайтын халық енді өз таңдауын жасайды.

Десе де, ел арасында соңғы жаңалықтардан, оқиғалардан байқағанымыздай, сайлауға деген көзқарас өзгеруде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Ендеше, осы бейбіт күніміз, ашық аспанымыз, тұрақты мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін дауыс берейік. Біздің әрқайсымыз Қазақстан атты үлкен отбасының бір-бір мүшесіміз. Сондықтан, жоғарыда айтып өткендей, айтулы шарадан қалыс қалмайық. Президент сайлауына бір кісідей қатысайық!

Лиза ШӘМЕТ,

Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры

Tags: 13kz13kz.kz13кзПрезидент сайлауы
Previous Post

Келешек ұрпақтың игілігі жолындағы батыл қадам

Next Post

Биліктің бірден-бір бастауы - халық

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі