13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТАҒЫ БІР СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТАҒЫ БІР СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекеніне арнайы барып, заманауи үлгіде бой көтерген спорт алаңшаның ашылу салтанатына қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
– Жыл сайын спортпен шұғылданатын жастар саны артуда. Жастайынан денесі шымыр болып өскен баланың денсаулығы да мықты болады. Ал дені сау ұрпақ – мемлекет келешегі. Осы орайда спорт алаңының пайдалануға берілуіне атсалысқан ауыл ақсақалдарына және мердігер мекемеге алғысымды білдіремін. Осыдан кейін ауыл тұрғындарының спортқа қызығушылығы арта түсетініне сенімдімін! – деді аудан басшысы.

Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы бар,  сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталған. Жарықшамдар орнатылып, орындықтар қойылған.

Осыған дейін, Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде спорттық нысандардың санын арттырып, жастарды спортқа баулу мақсатында заманауи спорт алаңшасы бой көтерді.
Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы, автотұрақ, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталған. Мұнда жақын маңда тұратын балалар волейбол, футболдан жарысып, қосымша спорт түрлерімен де айналыса алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілгені мәлім. Осы тұста ауданда жобалар нәтижелі түрде іске асып келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТІП ЖАТЫР

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі